Даулы мәселе ерекше бақылауға Семей қаласында алынды

(Дауыстар: 1)
Даулы мәселе ерекше бақылауға Семей қаласында алындыСемейліктер баспана мәселесінен бастап жеке адамның заңдық құқықтарына дейінгі аралықтағы түрлі сауалдарға құзырлы орындардан жауап алды. Бұл «Нұр Отан» ХДП-ның Семей қалалық филиалы мен қала прокуратурасы бірлесе өткізген ашық есік күні мүмкін болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы шараға жиналған 30 шақты тұрғынға өз мәселелері бойынша алдағы күндері жеке қабылдауға жазылуға кеңес берілсе, енді біріне көтерілген сұрақ бойынша тиісті орындарға арыз жазу керектігі түсіндірілді. Жиналғандардың кейбіреуі проблемаларын сол жерде-ақ шешіп жатты.

Азаматтардың өзекті сауалдарына жауап беру үшін Семей қаласы прокурорының орынбасары М.Тұрыбаев, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қызметкерлері, салық басқармасы, ТҮКШ бөлімі, ІІБ, ҰҚК, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, ТЖБ, Семей аумақтық сот орындаушылары, еңбек инспекциясы сияқты құзырлы органдардың өкілдері жиналды.

Мысалы, прокурордың қабылдауына ардагерлер мен жалғызілікті зейнеткерлерге қызмет көрсетудің аймақтық орталығының ұжымы толығымен келіпті.

- Міне, бір жылдан бері мекемеде прокурордың тексерулері аяқталар емес. Басқа да құзырлы органдар, салық басқармасы, еңбек инспекциясы, қарды полициясы да тексеріп жатыр, - дейді қала прокурорының көмекшісі Марина Сушкова.

Мұндай тексерулерге негіз болған осы мекеменің бұрынғы қызметкерлерінің бірінің арызы екен. Ұжым мүшелері тіпті "Нұр Отанның" қоғамдық қабылдауына да келіп, өздеріне тыныш жұмыс істеуге жағдай жасауды өтініпті.

Бұл даулы мәселені қала прокурорының орынбасары Марат Тұрыбаев өз бақылауына алып, тезірек шешуге уәде етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар