Қыс қаһарына желтоқсанда мінеді деген болжам бар

(Дауыстар: 1)
Қыс қаһарына желтоқсанда мінеді деген болжам барҚарашада қар жаумағанмен желтоқсанда аяз қысады. «Қазгидрометтің» мамандары осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» орталығының ұзақ мерзімді болжамдар бөлімінің дерегіне сүйенсек, алдағы айдағы орташа температура -11-18 градусқа нөлден төмен болмақ.

Желтоқсанның басында күн күрт суытпаса да ортасына қарай саршұнақ аяз қысады. Ол кезде ауа температурасы түнде минус 22-27, кей аудандарда тіпті минус 37 градусқа дейін төмендейді деген жорамал бар. Ара-тұра бұрқасындатып алады.

Одан соң әдеттегідей аяздың беті қайтады. Бірақ бұл жаймашуақ кезең ұзаққа созылмайды, айдың соңын ала бере табиғат ана тіршілік иелерін аязбен тағы бір «ұшықтап» алады. Синоптиктердің болжамынша, бұл аралықта ауа температурасы түнде минус 23-28, кей жерлерде минус 39 градусқа дейін құлайды. Ал желтоқсанның ең соңғы күнінде, яғни, дәл Жаңа жылды қарсы алатын кезде аяздың беті қайтып, жылынуы мүмкін.

Қардың жаууы мамандар болжамына сәйкес, желтоқсан бойы жалғаспақ. Сөйте тұра қардың қалыңдығы жылдық мөлшерден аспайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар