Республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» орталығы Шығыста ашылды

(Дауыстар: 1)
Республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» орталығы Шығыста ашылдыӨскеменде республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы ашылды. Оның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің директоры Алма Сағынғали және жерлесіміз, мемлекеттік қайраткер Сиязбек Мұқашев арнайы келіп, шығысқазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елбасының рөлін, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуын насихаттау, оның халықаралық және тарихи маңызын арттыру мақсатында ашылған бұл орталықта шығысқазақстандық ғалымдар, жергілікті университет оқытушылары мен студенттері ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады.

Республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» орталығы Шығыста ашылды"Орталықтың басты мақсаттарының бірі – мемлекеттік билік пен білім беру, мәдени және әлеуметтік мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының серіктестігін жолға қою", - деп бөлісті орталық жетекшісі Арайлым Темірбекова.

Республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» орталығы Шығыста ашылдыС.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің негізінде ашылған орталықта түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге іс-шаралар өткізілетін болады.
Орталықта Елбасының 200-ге жуық кітаптары қойылған. Бұған қоса, орталықтың ашылу салтанатына орай Астана қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайынан Елбасының жеке заттары, Мәскеуде қорғаған докторлық диссертациясының көшірмесі, Инаугурацияда киген киімдері қойылып, «Тарихи таңдау» көрмесі ұйымдастырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар