Аягөздегі жаңа ғимарат құрылысын арнайы комиссия тексеретін болды

(Дауыстар: 1)
Аягөздегі жаңа ғимарат құрылысын арнайы комиссия тексеретін болдыАягөз ауданындағы Ақтоғай кентінде салынып жатқан жаңа мектептің құрылысы да былық-шылыққа толы сияқты. Мердігерлердің қызметін алдағы уақытта арнайы комиссия тексеретін болды. Ауданға ісапармен барған облыс басшысы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ескі мектепке жапсарлас салынып жатқан білім беру корпусы 240 оқушыға арналған. Қазір ескі білім ғимаратында барлығы 380 оқушы әрең сыйып отыр. Бұл түйткілді шешу үшін жаңа ғимараттың құрылысына "Қазақмыс" корпорациясы өз есебінен 450 млн теңге ақша бөлген. Соның 200 млн. теңгесін мердігер мекеме игеріпті. Бірақ құрылыс басына барып, жағдайды көзімен көрген облыс әкімі Б.Сапарбаев мердігер мекеменің міндетті дұрыс атқармай отырғанын сынға алды. Шығындалған қаражат пен орындалған жоспардың сәйкестігін анықтап, сатып алынды делінген құрылыс материалдары мен қажетті құрал-жабдықтарды тексеру үшін арнайы комиссия құрылып, жақын арада іске кірісетінін айтты.

Аягөздегі жаңа ғимарат құрылысын арнайы комиссия тексеретін болдыКомиссияның тексеруінен кейін құрылыс компаниясының қаржыны мақсатты жұмсап, өз міндетін орынды атқарғаны расталса, «Қазақмыс» бөлген ақшаның қалғаны беріледі. Егер олай болмаса, мердігер жауапсыздығы үшін заңға тартылып, ал құрылыс басқа мердігер мекемеге тапсырылады. Қысқасы, соңғы сөзді тексеру комиссиясы айтады.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар