«Президенттің сүйікті әндері» Шығыс Қазақстан өнер мұражайында шырқалды

(Дауыстар: 4)
«Президенттің сүйікті әндері» Шығыс Қазақстан өнер мұражайында шырқалдыШығыс Қазақстан өнер мұражайында «Президенттің сүйікті әндері» шырқалды. Сахна төрінен облыстық филармония әншілерінің, «Атамұра» ансамблінің, «Бастеньки» фольклорлық ұжымының орындауындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті шығармалары құйқылжыды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл тек концерттік бағдарлама ғана емес, сонымен қатар естеклік кеші болды десек артық болмас. Елбасының сүйікті шығармаларын орындаған әрбір орындаушы Президент алдында қашан, қандай жағдайда өнер көрсеткенін айтып, жиналғандарға шын мәнінде рухани кеш сыйлады. Бұл әдеби-сазды шара Тұңғыш Президент күніне арналып ұйымдастырылды.

2012 жылғы қыстың алғашқы күнінде Қазақстан тұрғындары үшін тағы бір мереке қосылды – 1-желтоқсанда біз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күнін атап өтеміз.

Мемлекетіміздің тұңғыш Президентінің күні бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізге сіңірген ерен еңбегін тану мақсатында белгіленген. Мерекенің күнін таңдауға 1991 жылғы 1-желтоқсандағы оқиға тарихи алғышарт және негіз болды,--бірінші бүкілхалықтық сайлаудың нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ ССР Президентінің лауазымына қайтадан сайланды.

Біздің мемлекетіміздің Президенті беделді саясаткер ғана емес, ҚР халықтарының мәдениетіне аса жақын, ал музыка мен ән өнерін ерекше бағалайтын адам. Нұрсұлтан Әбішұлы «Елім менің», «Жерім менің», «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Мой город» әндерінің авторы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны – «Менің Қазақстаным» әнінің серіктес авторы.

Президент туған елімізді көп аралайды, біздің өлкемізді де назарынан тыс қалдырмайды. Оның кейбір сапарлары ресми емес болып келеді: Нұрсұлтан Әбішұлы халықпен шын пейілімен кездеседі, оны Қазақстанның халқы, оның дәстүрлері мен ұмтылыстары қызықтырады. Шығыс Қазақстан облысы халықтары Кіші Ассамблеясы- ның Достық үйі өз шаңырағы астында қазақтың тума мәдениетін сақтауға аса мүдделі адамдарды, сондай-ақ Қазақстан екінші отандарына айналған өзге де халықтардың сан түрлі дәстүрлерін сақтауға ынталы адамдарды топтастырған. Біздің Достық үйінің әр шығармашылық ұжымы өз өнерлерін жоғары дәрежелі қонақтың алдында бір рет болса да көрсете алды деп ойлаймыз. Біздің филармонияның көптеген әншілері Өскемендегі, Астанадағы ресми мерекелік концерттерге қатысып, өз өнерлерін паш етіп жүр. Тіпті Президентпен, дипломаттар айтатындай «галстуксыз» кездескен орындаушылар да бар. Концертке Нұрсұлтан.Әбішұлымен кездескен, оған ән айтқан, бәлкім, тіпті онымен бірге ән шырқаған кәсіби филармония әншілері мен әуесқой шығармашылық ұжымдар қатысты. Кеш аясында Нұрсұлтан Назарбаев жайлы деректі фильм көрсетілді.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар