Соттылық қанша уақыттан кейін жойылады?

(Дауыстар: 1)
  • 3 желтоқсан 2013, 13:12 |
  • Пікірлер: 2
Соттылық қанша уақыттан кейін жойылады?– Менің ұлым С.Р. 1985 жылғы 9 сәуірде дүниеге келген. Жас кезінде қателікке ұрынып, 2003 жылы сотталып, 2006 жылы босап шыққан. Қазіргі уақытта үйленген, екі баласы бар, әйелі бала күтімімен үйде. Ұлым отбасын асырау үшін жұмысқа орналасайын десе, халыққа қызмет көрсету орталығынан сотталғаны туралы анықтама шыға береді. Жаман әдеттері жоқ, шылым шекпейді, ішімдік ішпейді. Бостандықта жүргеніне 7 жыл болды. Сұрайын дегенім, сотталмаған деген анықтама қанша уақыттан соң беріледі? Менің естуімше, 5 жылдан соң берілу керек еді. Осыған сауатты заңгердің кеңесін берсеңіздер екен?

С.Жарылқасын
Аягөз ауданы.

Сауалға «STALKER» заңгерлік фирмасының директоры Әлібек Алмабаев жауап береді:
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 77-бабында соттылықты жоқ деп тану мәселесі жан-жақты көрсетілген. Ретімен айтар болсақ, соның ішінде:

А) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде – сынақ мерзімі өтуі бойынша;
Б) әскери қызмет бойынша шектеу немесе абақтыда ұстау түрінде жазасын өтеген әскери қызметшілер жөнінде – іс жүзінде жазаны өтеу бойынша;
В) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін бір жыл өткен соң;
Г) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен соң үш жыл өткен соң;
Д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін алты жыл өткен соң;
Е) аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өткен соң жойылады.

Сіздің ұлыңыздың жағдайында, егер осы баптағы нормалар бұзылғандығы анықталса, жергілікті жердегі прокурорға шағым жазу немесе сотқа жүгіну арқылы өзінің құқығын қорғауына болады.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Гаухар | 18 ақпан 2015 16:34
Соттылықтың ескірген мерзімін жою үшін кімге қай оргнға қарайды?
Роза | 3 ақпан 2016 01:43
Компютердегі соттылығы жоқ анықтама қанша жылдан кейін жойылады?
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар