Теміржолшылар аллеясы Шар қаласында ашылды

(Дауыстар: 1)
Теміржолшылар аллеясы Шар қаласында ашылдыБүгін, 3-желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының Шар қаласында теміржолшылар аллеясы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Теміржолшылар аллеясының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметов, «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы «Локомотив» акционерлік қоғамының атқарушы директоры Марат Шакенов, Жарма ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарханов, теміржолшы ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.

Аллея теміржол саласының еңбеккерлеріне құрмет көрсету, олардың қажырлы еңбектерін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында ашылып отыр.

Тораптық станса саналатын Шар қаласында теміржолға қызмет көрсететін бірнеше кәсіпорын орналасқан. Шар өңірінің теміржолшылары әр кезеңде ерен еңбектің үлгісін танытқан даңқты әріптестерімен мақтана алады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар