«Біздің №1» жастар форумына қатысушылар Елбасын қолдайды

(Дауыстар: 1)
«Біздің №1» жастар форумына қатысушылар Елбасын қолдайдыӨскемендегі Жекпе-жек сарайында өткен «Біздің №1» облыстық форумына Елбасының өткізіп отырған сындарлы саясатына қолдау көрсету мақсатында өңір жастары жиналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл кешке Дәулет Тұрлыханов, Ольга Рыпакова, Мерей Ақшалов сынды шығысқазақстандық спорт саңлақтары, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Жиналған жастар 1200 орындық залға әрең сыйды.

Форумды Шығыстың шымыр ұлы, қазақ күресінің қабыланы Шалқар Жоламановтың жүргізуі ерекше әсер сыйлады.

Құттықтау сөзінде аймақ басшысы форумға қатысушыларды спортпен белсенді шұғылдануға шақырды.

– Осыдан 22 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды. Сол 22 жылдың ішінде Елбасы жүргізген саясаттың арқасында Қазақстан әлемге танымал мемлекетке айналды. Оған түрлі деңгейде өткен саммиттер дәлел. Соңғы он күн ішінде осынау айтулы мереке аясында облыс бойынша көптеген игі шаралар өтіп, халық мерекенің шапағатын көруде. Бүгін бас қосып отырған мынау Жекпе-жек сарайы – Тұңғыш Президент күніне орай ашылған көп нысанның бірі.

Мемлекет басшысының халықтың кем дегенде 30 пайызы спортпен айналысу керектігі жөнінде тапсырмасы бар. Сол тапсырманың үдесінен шығу мақсатында облысымызда көптеген нысандар қолданысқа беріліп жатыр. Әлі де салынатындары қаншама! Соңғы он айда біздің өңірдің спортшылары олимпиадалық бағыттағы спорт түр-лерінен өткен республикалық жарыстардан 206 алтын медальды ұтып алды. Құрметті жас достар, біздің спорт нысандарын көптеп салудағы мақсатымыз тікелей сіздермен байланысты. Ертең сіздердің де араларыңыздан Дәулет Тұрлыхановтай балуандар, Ольга Рыпаковадай атлеттер, Мерей Ақшаловтай боксшылар шығуына мүдделіміз. Біз ұсынып отырған мүмкіндікті пайдалана білсеңіздер, мақсат орындалды деген сөз, – деді облыс әкімі.

Форумның келесі бөлімінде дәстүр бойынша жыл бойы өзін жақсы қырынан таныта білген жастар түрлі аталымдар бойынша облыс әкімінің сыйлықтарына ие болды. «Жылдың үздік жастар акциясы» аталымы бойынша Аягөз жастары, «Үздік жастар бірлестігі» аталымы бойынша Семей КТК лигасы, «Жас кәсіпқой» аталымы бойынша Тоғжан Мұқатаева, «Көшбасшы студент» аталымы бойынша Талант Бейсенбеков, «Жастар көшбасшысы» аталымы бойынша Мерей Ақшалов үздік деп танылды.

Сондай-ақ, облыстық «Рудный Алтай» газетінің тілшісі Елена Пашке «Жылдың жас журналисі» атанса, «Қазақстан» ұлттық телерадиокорпорациясы-ның журналистері Зәуре Құлманова мен Берік Көшербаев «Үздік жас отбасы» ретінде арнайы дипломмен марапатталды.

«Тұңғыш Президент күні біздің жанұя үшін ерекше мейрамға айналып үлгерді. Өткен жылы дәл осы мереке қарсаңында жылдың үздік журналисі атанған едім. Бүгін жұбайыммен бірге үздік отбасы ретінде танылдық» дейді Берік Көшербаев.

Форумға аттай қалап алдырған меймандар да жастарға жігер берер тілектерін арнап, Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай құттықтауларын жолдады.

Дәулет Тұрлыханов бұл форум Ольга Рыпакованың туған күніне сәйкес келгенін атап, боксшы Мерей Ақшаловқа тұлпар сыйлады.

«Елбасы саясатының арқасында көпұлтты мемлекетіміз бірлігі мен тірлігі жарасқан, іргелі мемлекетке айналды. Соның айғағы – осынау Жекпе-жек сарайы. Өңірде спорт, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, машина жасау сынды барлық саланы ақсатпай, дамытып отырған облыс басшысына да алғыс айтқым келеді, – деген даңқты балуан туған өлкеден олимпиада мен Әлем чемпиондары шығуы үлкен мақтаныш екенін атады.

Жастар атынан сөз сөйлеген Әсел Берікханова мен Денис Лазарев мәртебелі меймандарды бүгінгі толқынның лайықты ізбасарлары өз араларында көп екеніне сендіріп, белсенді жастар үшін үлгі тұтар тұлға Елбасы екенін мәлімдеді.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар