«Жас ұлан» қатары Семей жастарымен толықты

(Дауыстар: 1)
«Жас ұлан» қатары Семей жастарымен толықтыСемей экономикалық лицейінің үздік оқушылары «Жас ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдердің біртұтас ұйымының қатарын толықтырды. Патриоттық мәні зор бұл шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш іс-шараға қалалық ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы және «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты өкілдері қатысып, лицей оқушыларына «Жас ұлан» ұйымының төсбелгілері мен мойынтақтарын табыстады.

Салтанатты жиында жастар орталығының жұмыс бағыты мен алға қойған мақсаттары таныстырылып, жастарға ел алдындағы жауапкершілік пен отансүйгіштіктің, алға қойған міндеттерді абыроймен атқарудың маңызы жайлы түсіндірілді.

Салтанатты кеште «Жас ұлан» ұйымының мүшелері ант қабылдап, патриоттық әндер орындады. Іс-шара соңында Елбасының тұлғасын айшықтап, қызмет жолымен таныстыратын «Назарбаев. Live» деректі фильмі көрсетілді.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар