Серебрянка мен Зырян шаһарларында инновациялық жобалар жоқ

(Дауыстар: 1)
Серебрянка мен Зырян шаһарларында  инновациялық жобалар жоқМоноқала дәрежесіне ие болған Серебрянка мен Зырян шаһарларынына Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанына қарамастан даму қарқыны тым баяу. Қос шаһар тарапынан үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында ешқандай жоба немесе ұсыныс түспей жатыр , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Қалалардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 163,5 млн. теңге, абаттандыруға 131,4 млн. теңге, кәсіпкерлікті қолдауға 439,7 млн. теңге, кәсіпкерлікке бет бұрушылардың бизнес жоспарларын субсидиялауға 189 млн. теңге бөлінді. Осынша қаржы бөлінгенімен, қос шаһар тарапынан үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында ешқандай жоба немесе ұсыныс түспей жатыр. Серебрянка қаласының экономикасын әртараптандыру бағытында қолға алынған жалғыз тірек жобаның болашағы іске асырушы кәсіпорынның «БТА» банк алдындағы қарызының кесірінен бұлыңғыр күйде қалуда. Ал Зырян қаласында үш бірдей тірек жоба жоспарланған, жобалардың әрқайсысы жүзден астам жұмыс орнының ашылуына себепкер болмақ.

Серебрянка мен Зырян шаһарларында  инновациялық жобалар жоқ«Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президенті Андрей Лазарев ойға қонымды жобалар болса, кәсіпорын тарапынан қолдау мен қаржыландыру болатынын айтты. «Қазцинк» ЖШС аймақтағы, соның ішінде, Зырян ауданының аумағындағы кенге бай жерлерді барлау ісін қаржыландыруды арттыра түскен. Ол сондай-ақ, аудан әкімдігімен келісілген меморандум аясында әлеуметтік жобаларға да қолдау көрсету жалғаса беретінін мәлімдеді.

Қос қала әкімдерінің айтуынша, бұл қалалардың түкпірде тұйықталып жатуы ең үлкен кедергі болып отырған көрінеді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев атқарылған жұмыстың көбі қаланы абаттандыру сынды жанама жобаларға бағытталуын сынға алды. Ермек Көшербаев қос қалада да туризм мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың мүмкіндіктері зор екенін
еске салды. Ол үшін облыс есебінен субсидияланатын Өскемен – Зырян бағытындағы теміржол қатынасын тиімді пайдалану, кептірілген көкөніс өндірісін жолға қою турасында бірқатар тапсырмалар берілді.

– Қалаларыңыздың тұйықта орналасуы салдарынан өнімдеріңізді нарыққа шығара алмай отырғандарыңызды білеміз. Осы бағытта «Kaznex» жобасын пайдалану тиімді. Бұл жоба өніміңізді сыртқы нарыққа жарнамалау шараларын субсидиялауға бағытталған. Осы тұрғыда қала әкімдеріне белсенді жұмыс атқару қажет, – деп түйіндеді ол.


Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар