Серебрянка қаласының тұрғындары тас көмірден таршылық көріп отыр

(Дауыстар: 1)
Серебрянка қаласының тұрғындары тас көмірден таршылық көріп отырҚыс қаһарына мінбей жатып Серебрянка қаласының тұрғындары тас көмірден таршылық көріп отыр. Жергілікті билік әлеуметтік нысандарды қатты отынмен қамтып қойғанмен, қарапайым жұрттың жағдайы мәз емес, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған себеп – шаһарға тиісті көмір қоры жеткізілмеген, қашан болатыны тағы белгісіз. Өндіруші компаниялар толайым сатумен айналыспайтын болғандықтан көмірді ұсақ партиялармен сатуға келіспеген. Сол себепті толайым сатушы ретінде шыққан «Ромстро» ЖШС өндірушіден тауарды мол көлемде алып, «Бытпромсервис», «Седон» секілді жергілікті компанияларға қала тұрғындарын қамтамасыз ету үшін қайтара саудалауда.

Ресми дерекке сенсек, Серебрянканың жылыту маусымында тұтынатын жалпы көмір қоры шамамен 5800 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта қалаға 3 мың тоннадан асатын қатты отын жеткізілген. Өз кезегінде шаһар басшылығы орын алған проблеманы шешуде үйінде отқа жағатын ештеңесі жоқ отбасылар көмірмен бірінші болып қамтылатынын ескертті.

Биыл көмірді жеткізу облыс бойынша жылдағыдан кешігіп жүргізілуде. Жаздай арқаны кеңге салған тұрғындар әбден қара күзде жан-жақтан талап еткен. Ал жеткізушілердің сұранысты толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ, вагондар жетіспейді. Тапшылықтың туындау себебі осы болса керек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар