Энергетик кентінің су және жылу мәселелері 2014 жылы толық шешіледі

(Дауыстар: 1)
Энергетик кентінің су және жылу мәселелері 2014 жылы толық шешіледі

Семейдегі Энергетик кенті мен Ертістің оң жағалауындағы әлеуметтік нысандар 2014 жылы сумен толық қамтамасыз етіледі. Бұл кентте сумен бірге жылу мәселесі де толық шешілуге жақын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы мақсатта салынып жатқан насос стансасының құрылысы келесі жылы толық аяқталады. Жоба іске қосылғанда Ертістің оң жағалауындағы 300 орындық емхана, жедел жәрдем ауруханасы, Қарағайлы тұрғын үй кешені сынды маңызды әлеуметтік нысандар сумен толықтай қамтамасыз етілетін болады. 2014 жылы толық іске асуы тиіс бұл жобаға 1,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Энергетик кентінің су және жылу мәселелері 2014 жылы толық шешіледі

Бұл кентте сумен бірге жылу мәселесі де толық шешілуге жақын. «5-интернат» жылу қазандығын қайта жарақтаудың арқасында мұнда 17 Гкал жылу өндірілмек. Әзірге бұл ауданның жылу қажеттілігі 6 Гкал шамасында. Алайда, кентке жапсарлас көппәтерлі тұрғын үйлер кешені салынатынын ескерсек, бұл қазандықтың негізгі қызметі болашаққа бағытталған. Қазандықтан шыққан түтін биіктігі 60 метр мұнара арқылы сыртқа шықпас бұрын, арнайы құрылғылар арқылы залалсыздандыру процесіне түсетінін айтады мердігер «Свинецстрой» ЖШС директоры Дамир Дүкенов.

Семей шаһарына іссапар барысында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев пен сенатор Сергей Плотников аталмыш нысандарды аралап, жүріп жатқан жұмыстармен танысты.

Есімжан Нақтыбайұлы
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар