Өскеменде құны 50 миллион АҚШ долларынан асатын жаңа турбина салынады

(Дауыстар: 1)
Өскеменде құны 50 миллион АҚШ долларынан асатын жаңа турбина салынады

Облыс орталығындағы АES Өскемен жылу-электр орталығында құны 50 миллион АҚШ долларынан астам соманы құрайтын жаңа турбинаның құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 8 млрд. теңгеден асып түседі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ірі энергетикалық жобаның тұсаукесер рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары елшісінің орынбасары Майкл Клечески, сенатор Сергей Плотников және тағы бірқатар шетелдік қонақтар қатысып, айтулы оқиғаның куәсі болды.

Өскеменде құны 50 миллион АҚШ долларынан асатын жаңа турбина салынады

«AES Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің №12 турбоагрегатын іске қосуды жобалауға, оны материалдық-техникалық жағынан қамтуға және құры-лысын жүргізуге қатысты келісімшартты халықаралық тендерде қытайлық «SEPCO1 Electric Power Construction Corpora-tion» компаниясы ұтып алған болатын. Аталмыш келісімшарт құны – 6,5 млрд. теңгені құрайды. Алайда, жобаның жалпы құны 8 млрд. теңгеден асып түсе-ді. Себебі, жобаны жергілікті жерде жүргізу қосымша шығындарды талап етеді.

Аймақ басшысы AES корпорациясының басшылығы жаңартылған энергия көздерін дамыту мәселесіне де жіті мән беру керек екенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, қазіргі уақытта бірқатар стансалардың, оның ішінде әсіресе, Шүлбі СЭС-нің мүмкіндігі толық пайдаланылмай келеді.

Өскеменде құны 50 миллион АҚШ долларынан асатын жаңа турбина салынады

– AES корпорациясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесіне де көбірек көңіл бөлуі тиіс, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. – Қазіргі уақытта компания салық төлеумен ғана шектелуде. Ал негізі AES сияқты өзге алпауыт өндіріс орындары аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуге жыл сайын 6-7 млн. АҚШ долларын жұмсап келеді.

Салтанатты жиында сөз алған AES корпорациясының Еуропа және ТМД елдері бойынша вице-президенті Алистер Престон жаңа турбинаның құрылысына 50 млн. АҚШ доллары жұмсалатынын айтып, 120 мегаватт қуатқа ие турбина жылына 800 млн. кВт/сағ. энергия өндіретінін жеткізді. Жобаның басты ерекшелігі ол стансаның тиімділігі мен беріктілігін арттырмақ. Жаңа турбоагрегатта үйреншікті сутегі-ауа орнына генератордың ауа салқындатқышы қолданылады. Өз кезегінде бұл жайт өрт қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді. Оператор турбоагрегатты заманауи автоматты жүйе арқылы басқаруға мүмкіндік алады. Шетелдік корпорация басшылығы жобаның экологиялық қауіпсіздігіне де зор мән беріпті.

Өскеменде құны 50 миллион АҚШ долларынан асатын жаңа турбина салынады

Ал Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасары Майкл Клечески бұл өте маңызды жоба екенін айта келіп, жаңа турбинаның салынуы Шығыс Қазақстан мен американдық концерннің арасындағы әріптестікті нығайтуға айрықша ықпал ететініне сенім білдірді.

– Әріптестік қарым-қатынас орнатылған он алты жылдың ішінде айтарлықтай жұмыс тындырылыпты. AES-тің Шығыс Қазақстанның қоғамдық өмірінде өзіндік орны қалыптасқанын байқадым. Концерн қоршаған ортаны қорғау мәселелері-не тұрақты түрде қаржы бөліп келеді екен. Мен екі жақты байланыстың осыншама жоғары дәрежеге жеткені үшін облыс басшылығына ерекше алғыс айтқым келеді, – деді Майкл Клечески.

Жиынға қатысқан бас мердігер «SEPCO1 Electric Power Construction Corporation» компаниясының вице-президенті Лю Юнянь мырза жобаны жүзеге асыруға 23 ай уақыт кететінін және құрылыс жұмыстарына шамамен 200 адам тартылатынын айтты.

Өз кезегінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жұмысшылардың кем дегенде 80 пайызы жергілікті мамандар болуы керектігін ескертті.

Нұржан Кенжеұлы
суреттерді түсірген Ғылымбек Сәбитов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар