Облыстағы автокөлік жолдарын жөндеуге қосымша 77,7 млн. теңге бөлінді

(Дауыстар: 1)
Облыстағы автокөлік жолдарын жөндеуге қосымша  77,7 млн. теңге бөліндіОблыстық деңгейдегі автокөлік жолдарын күрделі және орта жөндеуден өткізуге және елді мекендер көшелерін жөндеуге қосымша 77,7 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар білім саласы мен денсаулық сақтау салаларының кейбір бағыттарындағы шығындардың көлемі ұйғалтылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында өңірдегі жекеменшік кәсіпкерлікті қолдауға, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 311,1 млн. теңге бөлініп отыр.

Бұл жайында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинская облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясында хабарлады.

Елена Ясинская 2013 жылға арналған облыстық бюджеттің параметрлерін нақтылауға республикалық бюджеттен келетін трансферттер көлемінің өзгеруі басты негіз болып отырғандығын атады. Сонымен бірге, қаржылар бөлінісіндегі өзгерістерге жергілікті атқарушы органдардағы кейбір функциялар мен өкілеттіліктердің ауысуы да себеп болған.

Оның мәліметінше, облыстың білім саласы бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына қаржыландыруға қосымша 507,1 млн. теңге қарастырылған. Облыстық денсаулық сақтау саласының шығыс бөлігі жиыны 76,4 млн. теңгеге ұлғайтылған. Оның ішінде жергілікті жердегі денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтау шығындары 35 млн. теңгеге азайған. Оған қондырғыларды сатып алу мерзімдерінің 2014 жылға ауыстырылуы себеп болуда. Сонымен бірге, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдендіріл-ген көлемін кеңейту мен қамтамасыз етуге арналған шығындар 111,4 млн. теңгеге көбейтілген.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында өңірдегі жекеменшік кәсіпкерлікті қолдауға, несиелер бойынша пайыздық мөл-шерлемелерді субсидиялауға 311,1 млн. теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек облыстық деңгейдегі автокөлік жолдарын күрделі және орта жөндеуден өткізуге және елді мекендер көшелерін жөндеуге қосымша 77,7 млн. теңге қаралған.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар