Хоум Кредит Банкінің филиалы Шығыста ашылды

(Дауыстар: 1)
Хоум Кредит Банкінің  филиалы Шығыста  ашылдыШҚ облысы орталығында Хоум Кредит Банкінің филиалы ашылды. Енді Өскемендегі Қазақстан және Қайсенов көшелерінің нақ қиылысында орналасқан зәулім ғимаратта халыққа сапалы қызмет көрсетілетін болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір Хоум Кредит Банк әрбір клиентке жақынырақ және қолжетімді болу үшін республиканың барлық аумақтарында өз бөлімшелерін ашып, қарапайым және қолжетімді қаржы қызметтерін көрсетуде. Осы ретте Қазақстанның 9 ірі қаласында Хоум Кредит Банк филиалдары ашылды. Өскемендегі филиалдың лентасы жетінші болып қиылды.

Филиалдың ашылу салтанатына аймақтағы Ұлттық Банктің, мемлекеттік органдардың өкілдері, банктің серіктестері мен клиенттері шақырылды. Салтанатты жиында Өскемен қласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және басқа да лауазымды тұлғалар қатысып, сөз сөйледі. Тұсаукесер рәсімінде банктің ең адал клиенті Салтанат Дәуітоваға депозит ашуға 50 000 теңгенің сертификаты тапсырылды. Ол банктен 9 мәрте несие алып, барлығын уақытында еш кешіктірмей қайтарыпты.

- Мен ең алғаш осы банктің қызметі арқылы дүкеннен кір жуғыш машина сатып алдым. Әрине, біздің еңбекақымыз дүкен сөрелерінде көздің жауын алып тұрған тұрмыстық техниканы бірден сатып алуға жете қоймас. Осы жерде банктің көмегі зор. Хоум Кредит арқылы одан кейін тоңазытқыш, теледидар, фотоаппарат сияқты күнделікті өмірге қажет заттарды сатып алып отырдым. Несиені белгіленген уақыттан бірде-бір рет кешіктірген емеспін. Бұл тек өз пайдасын ғана ойлайтын банктер қатарынан емес, Хоум Кредит өз клиенттеріне оңтайлы жағдайлар тудыра біледі, оған үлкен рақметімді айтамын! - дейді Салтанат Дәуітова.

Банктің топ менеджері Гүлжан Ниязбекованың айтуынша, бұл банк Халықаралық «Хоум Кредит» тобына кіреді. Аталмыш топ Орталық және Шығыс Еуропада, Азия елдерінің тұтынушылық несие беру нарығындағы жетекші банктердің бірі болып табылады. Халықаралық «Хоум Кредит» тобы әлемнің 10 елінде 35 миллионнан аса клиентке қызмет көрсетеді екен.
Бүгінде Хоум Кредит Банкі еліміздің барлық аумағында жұмыс істеп тұр. Банк бөлімшелерінің саны соңғы уақытта 2,5 есеге көбейген. Осыған орай 2013 жылы банктің шоттары мен депозиттеріне орналастырылған қаражат 79 пайызға өсіп отыр. Банк клиенттерінің саны 2013 жылдың басынан 1 қарашаға дейін 23 пайызға өскен. Ағымдағы жылдың көктемінде ірі «Fitch Ratings» рейтингтік агенттігімен ресми несиелік рейтингті беру және де Хоум Кредит Банкінің теңгелік облигацияларын орналастыру үшін Қазақстандық қор биржасына (KASE) шығуы банктің тұрақтылығын дәлелдейді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі:Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар