7-сынып оқушысы штрих-кодты ұялы телефон арқылы оқитын бағдарлама ойлап тапты

(Дауыстар: 1)
7-сынып оқушысы штрих-кодты ұялы телефон арқылы оқитын бағдарлама ойлап тапты

Шығыс Қазақстан облыстық математика және физика саласындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектептің 7-сынып оқушысы Богдан Саакян күнделікті қолданыстағы тауарлардың штрих-кодын ұялы телефон арқылы оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама ойлап тапты. Ол өзінің жаңалығын жұртшылық назарына Шығыс Қазақстан облыстық «IT Восток -2013» бірінші көрмесінде ұсынды.

- Мұны істеу оңай. Ұялы телефонның фотокамерасына кез-келген өнімнің штрих-кодын түсіре, экранға өндіруші мен өнімді пайдалану туралы толық ақпарат шыға келеді, - дейді Богдан.

7-сынып оқушысы штрих-кодты ұялы телефон арқылы оқитын бағдарлама ойлап тапты

Көрменің іскерлік бағдарламасының аясында келушілер үшін ақпараттық секциялар ұйымдастырылады: «Microsoft» бұлтты технологиялар негізіндегі кешенді шешімдер, деректерді қорғау, Smart City, IT саласында бизнесті ұсынуға арналған шешімдер, бизнес инкубатор. «Касперски зертханасы», «ESET», «1С», «2ГИС», «SOYLEM» және «Dr.Web» компаниялары тыңдаушыларға өздерінің соңғы өнімдерін ұсынады, сондай-ақ «Microsoft Казахстан» компаниясы байқау ұйымдастырады.

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев форумның ашылуында айтқандай, Қазақстанның электрондық Үкіметінің тарихы дәл осы Өскеменде 2003 жылдан бастау алған. Қазір облыста 125 мемлекеттік қызметтің 28-і электрондық түрде ұсынылады. Мемлекеттік мәліметтер базасын дамыту, интернет-ресурстар мен ведомстволық жүйелерді дамыту бойынша 30-дан астам жоба жүзеге асырылуда.

7-сынып оқушысы штрих-кодты ұялы телефон арқылы оқитын бағдарлама ойлап тапты

Қатысушылардың пікірінше, көрмеге қатысу – жұмыстың жаңа кезеңіне кешумен парапар. Көпшілік бірегей өнім өндіріп отырса да, өз өнімін көрсетіп, ол туралы айта алатынын біле-бермейді.

- Бұл шараны өткізу арқылы біз өзіміздің IT-компанияларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге тырыстық, - дейді «1С-Сапа» компаниясының серіктестермен жұмыс жөніндегі менеджері Александр Степанов.

Көрмеге 30 ұйымның 70 жаңалығы қойылды.

Мәлімет көзі: ШҚО ақпараттық орталығы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар