ТЖ министрлігі Серебрянкадағы зауытқа мемлекеттік тапсырыс беруге дайын

(Дауыстар: 1)
Серебрянка қаласындағы органикалық емес бұйымдар зауытына ТЖ министрлігі тарапынан мемлекеттік тапсырыс түсуі мүмкін. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко зауыт толық жұмыс істеген жағдайда өнім бағасының 70 пайызын алдын ала төлеп, тіпті үш жыл бұрын тапсырыс беруге мүмкіндіктері бар екендігін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz. тілшісі.

Шығыс Қазақстанға іссапармен келген министр жыл соңына дейін облысқа тікұшақ берілетінін жеткізді. Қазіргі күні Төтенше жағдайлар министрлігі 10 тікұшақпен жабдықталып жатыр, жыл соңында тағы да төрт тікұшақпен қамтылмақ екен. Соның біреуі Шығыстың үлесіне тимек. Сонымен қатар министрлікте жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып отырған арнайы бағдарламаға сай облыста салынып жатқан жол бойындағы медициналық құтқару пункттерінің шетелдік озық технологиялық құралдармен қамтылатынын тілге тиек етті.

ТЖ министрлігі Серебрянкадағы зауытқа мемлекеттік тапсырыс беруге дайынТЖ министрлігі Серебрянкадағы зауытқа мемлекеттік тапсырыс беруге дайын ТЖ министрлігі Серебрянкадағы зауытқа мемлекеттік тапсырыс беруге дайын

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен бірге аймақтағы азаматтық қорғаныс құрылымдары мен апаттық-құтқару қызметтерінің, жол мекемелерінің техникалық күштерінің дайынды-ғымен танысып, аудандар мен қалалардың қысқы жағдайға, су тасқынының алдын алуға дайындығы жөнінде бейнережимдегі селекторлық кеңес өткізді.

Кеңеске сенатор Сергей Плотников, басқармалар мен бірқатар кәсіпорын басшылары қатысты.

Жанаргүл Мұқатайқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар