Жармалық студенттер аудан басшысымен кездесті

(Дауыстар: 1)
Жармалық студенттер аудан басшысымен кездесті12 жармалық студент туған ауылдарына барып, қызмет етуге дайын. Олар бұл тілектерін Жарма ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтархановпен болған кездесу кезінде жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аудан әкімінің айтуынша, ауданның негізгі саласы – ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы. Асыл тұқымды мал өсірумен 16 шаруашылық шұғылданады. Тірек елді мекендер тізбесіне енген 3 елді мекен бар. Олар – Жарық, Үшбиік және Шалабай ауылдық округтері. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Шар қаласының маңында іске қосылған цемент зауыты ағымдағы жылдың 10 айында 420,8 мың тонна клинкер мен 445 мың тоннадан астам цемент өндірді. Ауданда 43 жалпы білім беретін мектеп, бес балабақша жұмыс істеуде. Бұл мекемелерде жұмыс істейтін мұғалімдерді жаңадан қызметке қабылданған 32 жас маман толықтырып отыр. Ал үш аурухана, 11 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік және 33 дәрігерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Қазір аудан мектептерінің сегіз түлегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың арнайы гранты бойынша Семей медицина университетінде білім алуда. Олар келесі жылы жас маман ретінде ауданға келмекші екен.

– Бүгінгі күнге медицина саласы бойынша біраз маман жетіспейді. Ал мәдениет саласында айтарлықтай жетістіктер бар. Бір қуаныштысы, үстіміздегі жылы аудан орталығында жаңа спорт модулі пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында даңқты спортшы Дәулет Тұрлыхановтың демеушілігімен аудан орталығында спорт кешені салынуда. Ол пайдалануға берілгенде бізге спорт маманы қажет болады, – деген әкім «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудан бюджетінен алты миллион теңге бөлінгенін, бағдарлама шеңберінде түрлі мекемелерге 95 адам жіберіліп, оның 28-і іс-тәжірибелерін аяқтап, тұрақты жұмысқа кіріскенін айтып өтті.

Дей тұрғанмен, аудандағы мемлекеттік мекемелерге – 10, шағын және орта бизнес саласына – 43 әртүрлі кәсіп иелері қажет екен. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен соңғы бес жылда ауылдарға келген жас мамандарға 19 млн. теңгеден астам көтермеақы төленді.

Қазірде Өскеменнің жоғарғы және орта оқу орындарында ауданның 179 жасы білім алуда. Аудан әкімі осы жастарды туған ауылдарына келіп, қызмет етуге шақырып, бір топ оқу озатына алғыс хат пен сыйлықтар тапсырды.
Сонымен, аталған кездесуден соң 12 жармалық студент туған ауылдарына барып, қызмет ететінін білдіріп, келісімшартқа қол қойды.

– Мен дипломды алысымен туған ауылыма қызметке барамын, – дейді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 3 курс студенті Әйгерім Уәлиева. – Ол – менің ауылым, менің болашағым.

Мәуітқазы Зүкенов
Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар