Ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы сарапқа салынған жарыстан шығысқазақстандықтар жүлделі оралды

(Дауыстар: 1)
Ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы сарапқа салынған жарыстан шығысқазақстандықтар  жүлделі оралдыҚызылордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогын сарапқа салған жарыс мәреге жетті. Бұл жарыстардан Шығыс Қазақстанның спортшылары жүлделі орындармен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бес күнге созылған сайыстарға еліміздің барлық облысынан, Астана және Алматы қалаларынан 160-тан астам спортшы қатысты.

Биыл күзде Талдықорған қаласында өткен еліміздің чемпионатында өз салмақ дәрежелері бойынша семейлік Анастасия Халикова жеңімпаз атанса, өскемендік Лидия Ануфриева екінші орын алған болатын. Қызылордадағы жарыста да біздің облыстың зілтемір көтерушілері бәсекелестерінен қалыспай жүлделі орындарды иеленді.

63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Анастасия Халикова Алматы облысының спортшысы Кристина Крахалёвадан кейін екінші орынды еншіледі. Кристина қоссайыста 170 келіні көтерсе, Анастасияның көрсеткіші 166 келі болды. Былтыр осы қалада еліміздің кубогы үшін өткен жарыста Анастасия үшінші орын алса, биыл бір саты жоғары көтерілді. Қостанай облысының спортшысы Шолпан Досова үшінші орынға табан тіреді.

– Былтырғы кубоктық жарыста 53 келі салмақ дәрежесінде Лидия Ануфриева бірінші орын алған болатын. Биыл ол 58 келі салмақтағы зілтемір көтерушілермен бәсекеге түсіп, үшінші орынды иеленді, – дейді Өскемен қаласы бойынша олимпиада ізбасарларын даярлайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер облыстық спорт мектебінің директоры Владимир Тен.

Осы салмақта алматылық Анастасия Малеева бірінші, Ақмола облысының спортшысы Екатерина Столяренко екінші орынға ие болды. Сондай-ақ, 53 келі салмақ дәрежесінде Алматы қаласының спортшысы Әсел Амангелді топ жарды.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар