Тұңғыш рет қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өтті

(Дауыстар: 1)
Тұңғыш рет қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өттіТұңғыш рет қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде командалық сипатта өтті. Байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Турнирге Түркия, Иран, Қытай, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Польша және Қазақстан елінің үздік балуандары қатысты. Олар бес салмақ дәрежесінде сынға түсті. Байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары болды.

Еліміздің намысын дүбірлі жарыста Абзал Арыстанбеков (60 келі), Ерлан Естек (70 келі), Ерсін Мұхамеджанов (80 келі), Мұхит Тұрсынов (90 келі), Бейбіт Ыстыбаев (+90 келі) қорғады.

Қазақстан балуандары алғашқы белдесуді Иран құрамасымен өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының иегері семейлік Мұхит Тұрсынов қазақ күресінен Иран чемпионы Жафар Юнеси Борджбен айқасып, қарсыласын таза жеңді. Былтырғы «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаев Насыр Сахраимен аса тартысты өткен белдесуде жеңіске жетті.

Екінші болып кілемге Тәжікстан және Польша балуандары шықты. Тәжікстан-дықтар бәсекелестерін 3:2 есебімен ұтты. Ал Қазақстан құрамасы тәжік балуандарын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан балуандары турнир жеңімпазы анықталатын шешуші айқастарды Моңғолияның күрес шеберлерімен өткізді. Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхаметжанов, Бейбіт Ыстыбаев қарсыластарынан әлдеқайда мықты екендерін дәлелдесе, Мұхит Тұрсынов Серік Байкемұраттан ұтылып қалды. Нәтижесінде қазақ балуандары 4:1 есебімен жеңіске жетіп, даңқ тұғырының жоғары сатысына көтерілді. Үшінші орынды Ресей құрамасы иеленді.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар