Жас мамандар мен балалар үйлерінде тәрбиеленген түлектер баспаналы болды Риддерде

(Дауыстар: 1)
Жас мамандар мен балалар үйлерінде тәрбиеленген түлектер баспаналы болды Риддерде

Жас мамандар мен балалар үйлерінде тәрбиеленген түлектер баспаналы болды Риддерде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Риддер қаласында 60 пәтерлік бес қабатты тұрғын үй және аграрлық-техникалық колледж жатақханасының бір бөлігі 24 пәтерге лайықталып, қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

Қалада соңғы отыз жылдан бері тұрғын үй салынбаған. Ал төртінші шағын ауданда 60 пәтерлік үйдің іргетасы қаланғаннан кейін құрылысы тоқтап қалғанына да бірнеше жыл болған-ды. Биыл сол үйдің құрылысы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясындааяқталып, жас мамандар баспанаға қол жеткізді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген 390 млн. теңге игерілді.

Бұл үйге жас мамандар мен осы қалаға қызметке шақырылып, емханалар мен ауруханаларда істеп жүрген дәрігерлер қоныстанды.

– Отбасымызбен пәтерден пәтер жалдап, біраз қиыншылықтарды бастан өткізген едік. Енді міне, баспаналы болып, шексіз қуанышқа бөленіп тұрмыз. Жас мамандарға осындай қолдау көрсеткен қамқоршыларға ризалығымызды білдіріп, алғыс айтамыз, – дейді Әсел Бейсенбаева.

Ал 24 пәтердің кілті балалар үйлерінде тәрбиеленген түлектерге берілді.

Әлімжан Қадылбекұлы
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар