Металлургтер мәдениет сарайы 170 млн теңгеге жөнделді Өскеменде

(Дауыстар: 1)
Металлургтер мәдениет сарайы 170 млн теңгеге жөнделді Өскеменде

Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайын қалпына келтіру үшін облыстық бюджеттен 170 млн теңге бөлінген болатын. Сарай Алматыдан әкелінген жаңа 711 көрермен креслосымен жабдықталып, сахна төріне 6х4 дюймдік LED экран орнатылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Металлургтер мәдениет сарайына барып, мұнда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен жақынырақ танысты. Ғимараттың қасбеті мен іші әрленіп, бір көрген жанның назарын бірден өзіне аударатындай жағдайға жетіпті. Едендерді тарту, баспалдақтарды сылау жұмыстары да сапалы жүргізілгені көрініп-ақ тұр. Мұны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та ерекше атап өтті.

Металлургтер мәдениет сарайы 170 млн теңгеге жөнделді Өскеменде

– Барлық жұмыстарды алдағы Тәуелсіздік күніне дейін аяқтайсыздар деп үміттенемін. Жалпы, талайдан бері күрделі жөндеуді қажет етіп келген Металлургтер мәдениет сарайының бүгінгі келбетіне қарасаң көз тояды. Алайда, тындыратын шаруа әлі де жетерлік. Салтанатты жиындар мен концерттер өтетін залды ұлттық нақышта безендіруге көңіл бөлуіміз керек, – деген аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жөндеу жұмыстарына жауапты «Энерготурсервис» мекемесінің басшылығы атына мақтау айтты. – Жұмысшыларыңыз өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтыны көрініп тұр. Ғимараттың іші де, сырты да мерекелік шараларды, салтанатты басқосуларды өткізуге лайықталып өзгертіліпті. Сіздерге зор алғыс айтамын. Енді жарқырап кеткен мәдениет сарайын алыс-жақыннан келген мәртебелі меймандарға еш қысылмай көрсетуге болады.

Облыс әкімі Өскемен қаласындағы басқа да бірқатар құрылыс нысандарында болып, ондағы жұмыс қарқынын өз көздерімен көрді.

Металлургтер мәдениет сарайы 170 млн теңгеге жөнделді Өскеменде

Аймақ басшысы алдымен шаһардың 19-ыншы тұрғын үй ауданындағы «Западная» подстанциясына ат басын тіреді. Естеріңізге сала кетейік, Жібек маталар комбинаты ықшам ауданының қиыр шетінде орналасқан подстанция қазіргі уақытта күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Нысанның басында болып, подстанцияның қазіргі ахуалын өз көзімен көріп қайтқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құзырлы орган басшыларына оны жөнге келтіру жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Бұдан кейін аймақ басшысы осы маңайда салынып жатқан бірнеше тұрғын үйдегі жұмыс барысымен танысты. Атап айтқанда, Карл Маркс көшесінің бойында орналасқан 45а, 45б тұрғын үйлеріндегі жұмыстар қазір бітуге таяу екен. Мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін пайдалануға берілетін бұл үйлерде мемлекеттік қызметшілер қоныстанатын болады.

Аталған үйлерде әрлеу, сырлау жұмыстары аяқталып, пәтерлерінде тіптен тұсқағаздар да жапсырылып қойылған екен. Баспаналарды жылумен қамту жағы да оң шешімін тауыпты. Мердігер компанияның өкілдері үйлерде орнатылған жылу батареялары Қарағандыдан арнайы тапсырыс бо-йынша әкелінгенін айтады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа үйлердің іші-сыртын мұқият аралап көріп, нысанға жауапты құрылысшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Металлургтер мәдениет сарайы 170 млн теңгеге жөнделді Өскеменде

Тағы бір белгілі болғаны, алғашқы жылдары жалға берілетін баспаналар кейіннен толықтай пәтер иелерінің меншігіне өтпек.

Осыдан кейін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бұл ауданда салынып жатқан қан орталығына да барып қайтты. Өңіріміздегі ең «сақалды» да даулы құрылыс нысандарының бiрiне айналған қан орталығында бүгінде де айтарлықтай қарбалас тіршілік байқалмайды. Қаңырап тұрған ғимараттың ішіне бас сұққан облыс басшысы да құзырлы органдар өкілдеріне жұмысты тез арада жандандыру қажеттігін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық қан орталығының құрылысы басталғанына осымен бес жыл болыпты. Құрылыстың соңғы мердігері – «Құмаров және К» мекемесінің аталмыш нысанды уақтылы пайдалануға беруі былай тұрсын, өзі де құрдымға кетіп, қазір жауапсыз компанияның ісімен сот органдары айналысуда.

Қан орталығының бүгінгі жағдайымен танысқаннан кейін аймақ басшысы Металлургтер мәдениет сарайына барып, мұнда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен жақынырақ танысты. Ғимараттың қасбеті мен іші әрленіп, бір көрген жанның назарын бірден өзіне аударатындай жағдайға жетіпті. Едендерді тарту, баспалдақтарды сылау жұмыстары да сапалы жүргізілгені көрініп-ақ тұр. Мұны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та ерекше атап өтті.

Нұржан Кенжеұлы
суреттерді түсірген: Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар