Феклистовка тұрғындары ауызсудан тарығып отыр

(Дауыстар: 1)
Феклистовка тұрғындары ауызсудан тарығып отыр

Тот басқан ескі құбырдан аққан суды ішіп отыр Зырян ауданындағы Феклистовка ауылының тұрғындары. Өскеменнен онша қашық емес Феклистовка ауылында бұдан басқа да түйіні тарқамаған түйткілдер көп, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауыл әкімі Ғалия Воробьеваның айтуынша, Феклистовкада орталықтандырылған сумен қамту жүйесі жоқ. Тұрғындар ауызсуды бастаудан және өздігінен су ағып жататын тот басқан ескі құбырдан алады. Ал қазан айынан сәуір туғанша, қыс бойы аптасына үш рет көше аралап тасымалдайтын трактордан «жүрек жалғайды».

– Адамдар үйлерінің қасынан құдық қазып алайын десе, жерасты суының көзі тым тереңде жатыр. Шамамен 70 метрден артық тереңдік-те. Амалсыз ескі құбырдан, бұлақтың басынан барып алады. Ал қыста бөшке тіркеген трактор-мен жеткізіледі. Боран соғып, көшелердің жолы жабылып қалған кезде суды тасымалдау тым қиынға соғады, – дейді Ғалия Әбікейқызы.

Ауыл әкімінің айтуынша, Феклистовкадағы иесіз қалған ескірген сумен қамту нысандары жергілікті әкімдіктің балансына беріліпті. Тозған скважиналарды қайта жаңартып, іске қосу үшін қыруар қаржы қажет. Өйткенше жаңадан ұңғыма қазу тиімдірек көрінеді. Сол себепті республикалық «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы мәселені шешіп алу үшін құжаттар әзірленіп, жауапты орындарға жіберілген. Нә-тижесінде 2013–2014 жылдары судың қорын анықтау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттен қаражат бөлініпті. Содан кейін барып 2015 жылы скважиналардың жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалмақ. Оған шамамен 8-9 млн. теңге ақша тағы керек.

Жобалық құжаттар сараптамадан өтіп, тиісті орындардың рұқсатын алысымен құрылыс жұмыстары басталады. Ұңғыманы қазу және құбыр тартуға 220 млн. теңгедей қаржы жұмсалмақ. Бұл бүгінгі есеппен алғанда, ал екі жылдың ішінде заман қалай өзгеретінін, бағаның қалай құбыларын бір құдай білсін. Хош, сонымен «қырқына шыдаған халық, қырық бірін де көре жатар» деген оймен ауызсу мәселесінің шешімін алдағы күндердің еншісіне қалдырып, ауылдағы ағайын-жұрттың арқасына батқан өзге жайттарды тізбектесек.

Әуелі денсаулық сақтау саласынан бастасақ. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пунктте істейтін жалғыз дәрігер Сағындық Тоқанова бұл күнде алпыстың төртеуіне шығып, зейнеткер атанған. Бірақ ауылдастарының көбі егде тартқандықтан сырқаттанбай тұрмайтынын ескерген зейнеткер-дәрігер құрметті демалысын ысырып қойып, қызмет көрсетуге мәжбүр. Ал жас мамандардың мұнда келгісі жоқ. Неге? Өйткені бұл мекенде тұрақтаған адамдардың дені орта жастан асқандар, жастарды іздеп таппайсыз. Бәрі қалаға қарай бет түзеп кеткен. Ол да түсінікті. Округтің орталығында жастар үшін екі қолға бір күрек табылғанмен, бос уақытын өткізетін, би кешін ұйымдастырып, көңіл көтеретін клуб жоқ. Клубты баяғыда біреу жекеменшік үй ретінде өз атына аудартып, құжаттарын ресімдеп алған. Содан бері мә-дени, қоғамдық іс-шаралардың бәрі мектеп-тің акт залында атқарылуда. Мектеп демекші, кезінде 480 оқушыға шақталып салынған білім ошағында қазір бар-жоғы 49 бала (он есе кем) оқып жүр. Әрине, демографиялық жағдайды жақсартуға үлес қосатын жастардың бәрі қала жағалап кетсе, бала саны азаймай қайтсін.

– Балаларымыз Өскеменде оқу оқиды, жұмыс істейді. Үйде әйелім екеуіміз ғана. Анда-санда келіп, бізге көмектесіп тұрғаны болмаса, балалардың біржолата ауылда қалуға ықыластары жоқ. Жастар болғаннан кейін қолдары босағанда бір сәт көңіл көтеріп, ойын-сауық құрғысы келеді. Ал ондай мүмкіндік біздің ауылда бар ма? Жоқ. Біздің ғана емес, осындағы бәрінің балалары қалада, – дейді зейнеткер Кәмелбек Оспанов.

...Бұйыртса ауызсудың тауқыметін тартқызған тағы бір жыл аяқталуға жақын. Алда қылышын сүйретіп қыс келеді. Басқа да проблемасы бастан асатын қарапайым халықты енді «қарлы боранда бір ұрттам суға қалай жетер екенмін?» деген ой мазалап жүр.

Серік Әбілханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар