Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атауы Тавриядағы көшелердің біріне беріледі

(Дауыстар: 1)
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атауы Тавриядағы көшелердің біріне беріледі

"Тәуелсіздіктің 20 жылдығы" атауы Таврия ауылындағы көшелердің біріне беріледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Жол картасына» ілініп, тақтайдай етіп тегістелген Песчанная көшесінің тұрғындары осындай ұсыныс тастап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тірек ауыл ретінде Таврия ауылдық округіне бөлінген қаржының бір бөлігі негізгі көшелерді жарықтандыруға жұмсалып, мақсатқа сай игерілген. Балалар алаңқайы мен ескерткіш ауласы абаттандырылып, үй-үйдің қоршаулары біркелкі кейіпке енген. «Жол картасы» мен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында атқарылған істер көңілге қонымды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында «Жол картасына» ілінген Песчанная көшесі бүгінде 167 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, тақтайдай етіп тегістелген. Ұлық мерекенің шарапатына риза болған тұрғындар көшені қайта атауы ұсынып отыр. Қазір бұл ұсыныс ономастикалық комиссияның қарауында жатқан көрінеді. Ол жерден кедергісіз өтсе, Песчанная көшесі «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» деген атау алмақ.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атауы Тавриядағы көшелердің біріне беріледі

Кез келген тавриялықтан тірек елді мекендерді түлету жобасы ауылға не бергенін сұрай қалсаңыз, «Стадионымыз жаңарды» деген жауап алар едіңіз. Тұңғыш рет облыстық халықтық ойындардың тұсауы кесілген бұл стадионның тарихы өте бай. Сол бай тарих өткен жылы Лондон Олимпиадасының чемпиондары шеруімен толыққаны тұрғындардың есінде. Бүгінде көптеген аудандық деңгейдегі жарыстардың алауы осында тұтанып жатуы елді мекенде спорттың бұқаралық сипат алуына септігін тигізуде. Таңнан кешкі сағат сегізге дейін есігі ашық жататын стадионда жасына қарай үш санатқа бөлінген футбол үйірмесі, жеңіл атлетика жаттығулары үздіксіз жүргізіледі. Ал қыста стадионнан шаңғымен жүгі-ру жолы ашылмақ. Ауылдың еңкейген қартынан еңбектеген баласына дейін бос уақытын осы спорт кешенінде өткізуді әдетке айналдырған.

2007-2009 жылдар аралығында қайта жарақталған ауызсу жүйесінің түйіні де осы бағдарлама арқасында тарқатылып отыр. Қыста құбырлардың бір-біріне қосылар тұстары қатып, халық тіршілік нәрінен айырылып, әбігерге түскесін қосымша 11 млн теңге бөлініп, бұл мәселе де шешімін тауып отыр. Кәріз жүйесін жаңалауға 5 млн. теңге және бөлінді. Бүгінде коммуналдық шаруашылық меншігіне берілген ауызсу жүйесі мүлтіксіз жұмыс істеп тұр.

Ауылдық округ әкімі Әділбек Рамазанов «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алуға ниеттілердің саны арта бастағанын айтады. Шаштараз, қоғамдық асхана, жол бойындағы дәмхана ашу жобалары үшін бұл бағдарламаның шарттары жеңіл тиіп отыр. Әсіресе, мал өсірушілерге қолдау көрсетуге жергілікті билік те барынша құлық танытуда. Осы бағыттағы 6 жобаға 33 млн теңге қарастырылған. Солардың ішінде назар аударарлық тың жоба асыл тұқымды қой шаруашылығына ден қойған қожалықтардың бастамасы болып отыр. «Мирошниченко» және «Буряченко» шаруа қожалықтарының әрқайсысы 100 бастан байыс тұқымды ұсақ мал асырауға кірісіп кетіпті.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар