Республика чемпионатынан бір алтын, үш қоламен оралды шығысқазақстандық боксшылар

(Дауыстар: 1)
Республика чемпионатынан бір алтын, үш қоламен оралды шығысқазақстандық боксшылар

Бокстан ересектер арасында өткен республика чемпионатынан шығысқазақстандық боксшылар бір алтын, үш қоламен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Атырау қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен 16 команда қатысқан байрақты бәсекеде 185 былғары қолғап шебері шамаларын байқасты. Кілең «сен тұр, мен атайындар» бақ сынасқан мұндай додаға осалдардың бармайтыны әу бастан белгілі.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Назар Ілиясов пен Ғани Жақыпов баптап апарған шығысқазақстандық боксшылар ел үмітін ақтап, Атыраудан олжамен оралды. Олар тартысқа толы ел чемпионатында бір алтын, үш қола жүлдеге қол жеткізіп, мерейлері үстем болды.

Атап айтар болсақ, 52 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түсіп, өзіне қарсылас шақ келтірмеген Әділет Құрметов алтыннан алқа тағып қана қоймай, «Қазақстан чемпионатының ең үздік боксшысы» деген марапатқа да ие болды. Ал өскемендік Азамат Жансарбай (56 келі) және Семей бокс мектебінің түлектері Әсет Қасымов (64 келі) пен Манат Өмірзақов (69 келі) сынды боксшылар жүлделі үшінші орынға табан тіреді. Сөйтіп, осы уақытқа дейін спорт шеберлігіне үміткер болған Әділет Құрметов пен Азамат Жансарбай Қазақстан Республикасы бокс федерациясының шешімімен спорт шеберлігін орындады.

– Чемпионатта біздің жігіттер аянып қалған жоқ. Мүм-кін мұнан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болар ма еді. Қаншама күн пойызбен жол жүріп бару да спортшыға айтарлықтай әсер етері сөзсіз. Дегенмен, осының өзіне қанағат етеміз, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы әрі жоғары санатты жаттықтырушы Ғани Жақыпов.

Серік Құсанбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар