Автоматтандырылған асфальт-бетон зауыты Шемонайхада жұмыс істеп тұр

(Дауыстар: 1)
Автоматтандырылған асфальт-бетон зауыты Шемонайхада жұмыс істеп тұр

Құны бір миллион доллардан асатын, бар жұмысты автоматты түрде атқаратын жаңа технологиялары бар өндіріс орны Шемонайхада жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Іске қосылғанына екі-үш ай ғана болған Шемонайхадағы «Көкжалбетон» ЖШС-нің асфальт-бетон зауыты өнімдеріне деген сұраныс үсті-үстіне артып келеді. «Қазақавтодор», «Семейпласт», мыс-химия комбинаты сияқты өңірдегі ірі кәсіпорындар да «Көкжал-бетонның» құрылыс материалдарына тапсырыс беруде.

«Көкжалбетон» ЖШС-нің басшысы Оразбек Қатпановтың айтуынша, асфальт-бетон зауытының жанынан таяуда бетон өнімдері түрлерін шығаратын жаңа өндіріс ашылмақ. Сонымен бірге, пластикалық жақтаулар, темірбетон, газбетон өндіретін қосалқы цехтар да іске қосылады. Жаңа нысан шемонайхалықтар үшін 30 шақты жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазір жұмыс істеп тұрған асфальт-бетон зауытында тоғыз адам еңбек етіп жатыр.

– Бұл бесаспап қондырғының жұмысы бастан-аяқ автоматтандырылған. Қоспаларды қосу, олардың мөлшері мен сапасын анықтау, өзге де жұмыстардың бәрі компьютерлік жүйемен басқару пульті арқылы жүргізіліп отырады. Қондырғы сағатына 30 тонна бетон шығарады, – дейді бетон араластыру желісінің операторы Айболат Көшкелдинов. – Өзім политехникалық колледжді бітіргенмін. Тәжірибем жеткілікті. Еңбекақымыздың мөлшері көңілге қонымды, одан тыс үш мезгіл тегін тамақтанамыз. Меніңше, мұндай әлеуметтік қолдауларды көрсетіп жатқан кәсіпорындар аз. Сондықтан берілген шаруаны барлық ынта, зейінімізбен атқарып, сапалы өнім шығарып жатырмыз.

Асфальт-бетон зауыты Шемонайха ауданында салынып жатқан әлеуметтік, коммуналдық құрылыс нысандарының барлығын дерлік бетон өнімдерімен, асфальтпен қамтып отыр. Өнеркәсіп орындары да құрылыс қызған маусымда мыңдаған текше метр бетонға тапсырыс берген. Оларды шығаруға керекті негізгі шикізат құм мен қиыршық тас өндіріс маңындағы карьерлерден тасымалдануда. Асфальт пен бетон бағасы маркілеріне қарай шамамен 13-18 мың теңге көлемінде. Алыстан арбаламай, жақыннан дорбалау сатып алушыларға қолайлы болып тұр. Тасымал шығыны жоқ.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар