Автомобиль жөндейтін шеберхана Дайыр ауылында ашылды

(Дауыстар: 1)
  • 11 желтоқсан 2013, 13:10 |
  • Пікірлер: 1
Автомобиль жөндейтін шеберхана Дайыр ауылында ашылды

Дайыр ауылының тұрғыны автомобиль жөндейтін шеберхана ашып, жергілікті тұрғындарды қуанышқа бөледі. Көлік иелері енді алысқа бармай-ақ, техникаларының ақаулы тетіктерін осы арада жөндетіп алатын жағдайға жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жеке кәсіпкер Р.Уажанов бұл іске «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының игілігі арқасында қол жеткізіп отыр.

Жалпы Зайсан ауданындағы ауылдар осы мемлекеттік бағдарламаның нәтижесінде өсіп, өркендеп, көркейіп келеді.

Мысалы, Көкжыра ауылында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі түпкілікті шешіліп, жаңадан салынған су тазалағыш стансасы іске қосылды.

Сондай-ақ, Айнабұлақ ауылында шағын футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. Қаратал ауылында да жаңадан салынған осындай футбол алаңы ашылды. Осы екі алаңды «Бота» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары мерзімінен бұрын салып берді.

Жас жеткіншектер футболмен кеңінен шұғылдануға мүмкіндік алды. Спорттың бұл түрі енді шалғайдағы ауылдарда бұқаралық сипат алып, жедел қарқынмен дами түсетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Аскар | 10 қаңтар 2014 15:03
Жарайсың бауырым!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар