Шығыс Қазақстан облыстық басқармаларының жұмысы сынға алынды

(Дауыстар: 1)
Шығыс Қазақстан облыстық басқармаларының жұмысы сынға алынды

ШҚ облыстық құрылыс басқармасында 6 лауазымды орын бос тұр. Басқармада шенеуніктердің ауыспалылығы 40 пайызды құрайды. Оның үстіне жыл қорытындысы бойынша олар 400 миллион теңге қаражатты игерусіз қалдырады деп болжануда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ең бастысы, «Өңірлерді дамыту бағдарламасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу» бағыты бойынша пайдалануға берілуі тиіс 313 мың шаршы метр тұрғын үйдің 9 айда тек 147 мың шаршы метрі ғана салынып біткен. Тиімділік өлшемінің «Бюджеттік қаржыны басқару» бағыты бойынша аталмыш басқарма мүмкін 12 балдың бір де біреуін ала алмауы ықтимал.

Басқарма басшыларының және аудандар мен қалалар әкімдерінің қатысуымен 2013 жылғы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері талқыланған кеңесте бірқатар басқармаларға сын айтылды.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына қатысты 9 көрсеткіш бойынша төмен орындаушылық байқалады. Облыста қазір 66500 белсенді шағын және орта бизнес нысаны бар, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір кеміген. Өнеркәсіп саласына құйылған инвестиция көлемі де көзделген межеге жетпепті.

Білім басқармасы жасөспірімдерді техникалық және кәсіби білім берумен қамту жоспарын орындай алмаған, ал кадрлардың ауысуы 45 пайызды құрайды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бюджет қаржысын игеруде шабандық танытуда. Жыл аяғына дейін олар 33,7 миллион теңгені игеріп үлгерулері тиіс. Облыстағы жолаушы көлігімен қамтылмаған елді мекендер үлесі 38 пайызды құрайды.

Кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларына да көрсеткіштерді оңалту тапсырмасы жүктелді. Энергетика басқарма-сы осы жылдың соңына дейін 57,3 миллион теңгені игеруі қажет. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, денешынықтыру және спорт басқармаларында штаттық бірліктердің ауыспалылығы тиісінше 48 және 61 пайызды құрайды.

Қалалар мен аудандар әкімдіктеріне келер болсақ, «Бюджет қаржысын басқару» бағытында Өскемен қаласы бірде-бір балл иеленбеген. Облыс орталығында жыл қорытындысы бойынша 80,5 миллион теңге қалады деп күтілуде. Семей және Риддер қалаларында да жағдай дәл осындай. Абай, Жарма және Аягөз аудандары да «Бюджет қаржысын басқару» бағыты бойынша ұпайсыз қалып отыр. Барлық дерлік өңірлерде қаржының игерілмеуіне басты себеп – құрылыс жұмыстарының кешігуі не болмаса тоқтатылуы. Аягөз ауданында, сонымен қатар, электронды үкімет порталы арқылы 18 мемлекеттік қызмет дер кезінде көрсетілмеген.

Зайсан, Шемонайха, Күршім, Үржар аудандарында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша артта қалушылық байқалады. Мәселен, Үржар ауданында 9 айдың ішінде 20 мемлекеттік қызметтің орындалу мерзімі бұзылған. Ал Күршім ауданы мен Курчатов қаласы болса, облыс Әкімінің тапсырмаларын орындау бойынша ең төменгі көрсеткіштерге ие болып отыр.

– Уақыт аз қалды. Мұнымен қоса, алда тағы мерекелік күндер бар. Осы айдың 18-іне дейін барлық айтылған көрсеткіштерді оңалтып, олқылықтардың орнын толтыруымыз керек. Бар күш-жігерді осы жұмыстарға, әсіресе, бюджет қаржысын игеру және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге салу қажет. Бос орындардың ұзақ уақыт толтырылмауы жөнінде айтарым, егер қызметкерлер сіздерге керексіз болса, онда штатты қысқартатын боламыз, – деп атап өтті облыс әкімі аппаратының басшысы Ержан Жылқыбаев.

Жыл қорытындысы бойынша атқарылған істерге жан-жақты талдау жүргізіліп, сол бойынша тиісті лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қолданылатын болады.

Қаңтар айында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында дәстүрлі есеп берулері басталады. Бұл іс-шаралар қатаң бақылауға алынбақ. Олардың форматына өзгерістер енгізіліп, сапасына жіті көңіл бөлінетін болады.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар