Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған байқау-көрме Шығыс Қазақстанда өтті

(Дауыстар: 1)
Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған байқау-көрме Шығыс Қазақстанда өтті

Оралхан Бөкейдің шығармашылығын суретке арқау ету биыл Шығыста қолға алынды. Суретшілердің жыл бойғы жұмыстарының қорытындысы ретінде Шығыс Қазақстан өнер мұражайында 11-желтоқсанда «Менің Қазақстаным» бейнелеу өнерінің облыстық байқау-көрмесі өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Байқау-көрменің ашылу салтанатына есімдері елге танымал көптеген қылқалам шеберлері қатысты. Байқауға қырықтан аса сурет туындысы қойылып, көрермендер назарына ұсынылды. Бұл байқаудың қорытындысы келесі жылдың ақпан айында шығарылады.

Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған байқау-көрме Шығыс Қазақстанда өтті

Көрнекті қаламгердің туғанына жетпіс жыл толуына арналған этюдтердің алғашқы көрмесі жазушының туған жері Катонқарағай ауданында жазда ұйымдастырылған болатын. Сол арада суретшілердің он үш жұмысы Катонқарағай аудандық әкімдігіне сыйға тартылды. Этюдтердің екінші көрмесі Өскемен қаласы тұрғындарына облыстық өнер мұражайында көрсетілді.

2013 жыл Шығыс Қазақстан өнер мұражайы үшін Оралхан Бөкейдің жылы болды десек артық айтқанымыз емес. Жыл көлемінде Алтайдың Кербұғысы атанған ақиық жазушыға арналып көптеген маңызды мәдени шаралар өткізілді.

Өнер мұражайының қызметкерлері жазушының ауылына, туған жеріне экспедицияға барып, жазушы туралы «Кербұғы» және «Человек-Олень» атты екі деректі фильм түсірді. Өскемен қаласындағы қазақ, орыс мектептерінің барлығында аталмыш фильмдер көрсетіліп, «Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында дәрістер оқылды.

Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған байқау-көрме Шығыс Қазақстанда өтті

Сондай-ақ «Оралхан Бөкейді қайта оқимыз» атты акция да өз жемісін берді. Акция барысында суретшілерге Оралханның кітаптары беріліп, олардың жұмыс атқаруы үшін жағдай жасалды. Облыстық кітапханамен бірге ұйымдастырылған бұл шараның орны да ерекше.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар