Төрт бірдей балабақша ашылды Тарбағатай ауданында

(Дауыстар: 1)
Төрт бірдей балабақша ашылды Тарбағатай ауданында

Төрт бірдей балабақша бүлдіршіндерге құшағын айқара ашты Тарбағатай ауданында. Бұл мекемелер «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде пайдалануға берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Төрт бірдей балабақша ашылды Тарбағатай ауданында

Ел игілігіне берілген балабақшалар күрделі жөндеуден өткізілген, бұрындары басқа мақсатта пайдаланылып, не мүлдем қаңырап бос тұрған ғимараттардың ішіне жайғасыпты. Мысалы, Жәнтікей ауылындағы «Айгерім», Екпіндегі «Балбөбек», Ақсуаттағы «Ақбота», Ақжардағы «Айгөлек» балабақшалары жергілікті іскер азаматтардың тікелей араласуы арқасында қолданысқа берілді. Соңғысы, Ақжар ауылының тумасы, кәсіпкер Серік Ыбыраевтың көмегімен ашылып отыр екен. Бұл азамат тұрғын үй болып келген ғимаратты бұрынғы иесінен сатып алып, оның ішіне біраз жөндеу жұмыстарын жүргізген. Қазір мұнда екі топта 20 бүлдіршін тәрбие алуда. Жалпы, төрт балабақшаның екеуі 20, қалған екеуі 50 балаға жоспарланған.

Төрт бірдей балабақша ашылды Тарбағатай ауданында

Мектеп жасына дейінгі мекемелердің ашылу салтанатына ШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарға ақжарма тілегін арнады.

- Әлемді қаржылық дағдарыс дүрліктіріп жатқан кездің өзінде елімізде аурухана, мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандар салу ісі бәсеңдеген жоқ. Бұл жөнінен біздің облысымызда да айтарлықтай шаруа тындырылып келеді. Жаңаның аты – жаңа болатыны рас. Дегенмен, белгілі бір себептермен жаңа ғимараттар тұрғызуға мүмкіндік болмаса да, қолда барды ұқсата білген жергілікті кәсіпкер азаматтарға алғыс айтқым келеді. Бүгін Тарбағатай жұртшылығы үшін ақ түйенің қарны ақтарылған ерекше күн. Себебі, аудандарыңызда бір емес, бірден төрт бірдей балабақша пайдалануға беріліп отыр, – деді облыс әкімі Екпін ауылындағы балабақшаның ашылу салтанатында.

Нұржан Кенжеұлы
суреттерді түсірген Ғылымбек Сәбитов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар