Индустрияландыру картасына екі бірдей тың жоба енгізілді Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
Индустрияландыру картасына екі бірдей тың жоба енгізілді Шығыс Қазақстанда

Екі бірдей тың жобамен толығатын болды ШҚ облысының Индустрияландыру картасы алдағы уақытта. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында «SAT Nikel» ЖШС-нің директоры өздерінің «Кобальт -никель өнімдерін өндіру зауыты» жобасымен таныстырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Никель зауыты Курчатовтан Семейге қарай жүрген бағыттағы 30 шақырым жердегі Горностаев қазба орнының маңында салынбақ. Зауыт құрылысының ТЭН-і жасалып, геодезиялық жұмыстары жүргізіліп, өзге де ұйымдастыру шараларының 90 пайызы атқарылып біткен. Инвестордың айтуынша, басқа жерлердегі кен құрамында никельдің үлесі 1,5 – 2,5 пайыз көлемінде болса, бұл қазба орнында ол 0,7 – 1 пайызды құрап отыр. Сондықтан зауыт өндірісіне кенде өте аз көлемде кездесетін бағалы өнімді тиімді, оңай жолмен өндірудің өзгеше технологиясы таңдалынып алыныпты.

Қазба орнындағы никельдің қоры 25 жылға жетеді деп болжанып отыр. Серіктестік басшысы жаңа өндіріс алты жылда өзін-өзі ақтайтынын айтты. Тот баспайтын темір металдар, ғарыштық байланыс, батарейкалар, аккумулятор тәрізді техникамен байланысты бұйым атаулының біраз түріне қажет болып келе жатқан никельді елімізде шығарып жатқан өндіріс те жоқ. Қазақстан-дық, шетелдік компаниялармен бірлесіп жасалып отырған жаңа зауыттың өндірісі қомақты қаржыны қажет етеді. Компания қазір банктермен келісімдер жүргізіп, қаражат мәселесін қарастырып жатқан көрінеді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жоба банктер тарапынан қаржыландырылып жатса, облыстан қолдау көрсетілетінін, бірегей өндірістің жобасы Индустрияландыру картасына енгізілетінін жеткізді.

Екінші жоба – Зырян ауданындағы Тұрғысын өзеніне қуаты 24,9 МгВаттық су электр стансасын салуды жобалаған Алматыдағы «Тұрғысын-1» ЖШС басшысы егер жоба сәтімен жүзеге асқан жағдайда, стансадан 2016 жылдың аяғында алғашқы электр энергиясын алатынымызға сендірді.

Стансаны салуға үш жыл кетеді. Мұнда жылына 79,8 млн. кВ/сағ электр қуаты өндірілмек. Алайда, жоба әлі шикі күйінде қалып тұр. Осыны еске салған кеңес мүшелері бұл жобаны да қайтадан қарап, пысықтауды келер күннің еншісіне қалдырды.

Кеңесте облыс әкімі аудан, қала әкімдерінің назарын өңірлердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін өткен жылғыдан төмендетпеуге аудартып, ішкі резервтерді толық пайдалануды ескертті. Жиында айтылған барлық мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.


Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар