Жемқор полицейлер Шығыс Қазақстанда әшкереленді

(Дауыстар: 1)
Жемқор полицейлер Шығыс Қазақстанда әшкерелендіҮстіміздегі жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 102 қылмыс тіркелді. Коррупцияға қатысты қылмыстарды көбінесе облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жасайтыны анықталған. Бұл жайында облыс әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Мұхтар Құмаров баяндады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚ облыстық мәслихатының кезекті ХVІІ сессиясында сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 66 пайызға артқаны айтылды. Коррупцияға қатысты қылмыстарды көбінесе ішкі істер департаментінің қызметкерлері жасайтыны анықталған. 2013 жылдың алғашқы 9 айында полицейлер қолымен жасалған 17 қылмыс әшкерленді. Одан кейінгі орындарды сот актілерін орындау департаменті (7 дерек) мен қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (3 дерек) қызметкерлері иеленеді.

Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәртіптік жауапкершілікке 96 лауазымды тұлға тартылған, олардың ішінде коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласының 16 маманы, 15 аудандық, ауылдық әкімдіктер қызметкері, 14 мектеп директоры бар.

– Коррупциямен күрес бағытындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ширатып, түсіндірме семинарларын жиі өткізу керек. Ондай жиындарға құқық қорғау, прокуратура органдарының және бизнес құрылымдарының өкілдерін көптеп тартқан жөн. Кәсіпкерлікті дамытуға тұсау болып отырған түрлі әкімшілік кедергілерді азайтуға осындай бірлескен іс-шаралардың да тигізер пайдасы мол, – деп пікір білдірді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жиында.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар