ШҚО бюджетінің көлемі 2014 жылы 12 миллиард теңгеге артады

(Дауыстар: 1)
ШҚО бюджетінің көлемі 2014 жылы 12 миллиард теңгеге артады

Шығыс Қазақстан блыстық бюджеттің мөлшері 2014 жылы 12 миллиард теңгеге артады, бұл тиісінше салаларға бөлінер қаржының молая түсетінін көрсетеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚ облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинская депутаттардың назарына 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы мәліметтерді ұсынды. Үш жылға жоспарланған қазына қоржынының басым бағыттары тұрғындар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау, яғни, еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақыларды төлеу, азаматтарды жұмыспен қамту, өңірлерді дамыту, шағын және орта бизнес нысандарын қолдау болып табылады. Оның көлемі жылдан-жылға ұлғайып отырмақ.

Облыстың басты қаржылық құжатын жан-жақты қарастырған депутаттар оны барынша оңтайлы деп тауып, бірауыздан мақұлдады.

Жекелеген депутаттар ауылдық жерлерге барып, еңбек етуге ниет еткен жас мамандарды баспанамен қамтуға қазынадан қомақты қаржы қарастырылуы тиіс екенін алға тартты.

– Біз арнайы шақыртумен келіп еңбек етіп жатқан жас мамандарды, атап айтсақ, аса қажет болып отырған дәрігерлерді, мұғалімдерді, мәдениет және спорт саласының қызметкерлерін жан-жақты қолдауды жалғастыратын боламыз. Оның ішінде оларды тұрғын үймен қамту ісі де бар, – деді осы ретте аймақ басшысы.

Ержан Әбіш
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Экономика | Кілт сөдер: депутаттар

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар