Мемлекеттік тілді меңгеру үшін қала оқушылары каникулды ШҚО ауылдарында өткізеді

(Дауыстар: 1)
Мемлекеттік тілді меңгеру үшін қала оқушылары каникулды ШҚО ауылдарында өткізеді

Шығысқазақстандық депутаттар қалалық оқушылардың мемлекеттік тілді меңгерулеріне алаңдаушылық білдіруде. Олар қазақ тілін жетік үйрену үшін балаларды жазғы каникул кезінде ауылдарға, яғни тілдік ортаға жіберу қажет деп санайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Айдын Шаймардановтың ақпаратына сәйкес бүгінде Шығыс Қазақстанда 1 облыстық және 9 аудан-қалалық тілдерді оқыту орталығы жұмыс істеп тұр. Тек биыл ғана бұларда 3 мыңға жуық адам тіл үйренген. Олардың үштен бірі – мемлекеттік қызметшілер.

Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде 8 мыңнан астам азамат аталмыш орталықтарға оқуға тартылған. Мемлекеттік қызметшілермен қатар қазақ тілін үйренем деушілерге орталықтар жанынан «Тілашар» тегін курстары ұйымдастырылып келеді.

Мемлекеттік бағдарламада «Қазтест» жүйесі негізінде сертификат алған мемлекеттік қызметшілердің үлесін 2017 жылға қарай елу, 2020 жылға қарай жүз пайызға жеткізу көзделген. Қазірге дейін облыстағы 7 мыңнан астам мемлекеттік қызметшінің 6 мыңы «Қазтест» сынақтарынан өтіп үлгерді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік органдардағы 60 аудармашы біліктілік жетілдіру курстарынан дәріс алған. 2011 жылы жергілікті бюджеттен миллиондаған қаражат бөлініп, облыстық лингвистикалық орталық «Учимся говорить по-казахски» сайтын іске қосты. Бүгінгі таңда оның қызметін 200 мың адам тұтынуда.

Дей тұрғанмен, облыс қалаларындағы көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды орыс тілінен мемлекеттік тілге аударғанда 60-тан астам қателікке жол берілгені анықталыпты.

Жалпы алғанда, қазақ тілін облыстағы азаматтардың 74,1 пайызы, орыс тілін 90 пайызы, ағылшын тілін 2 пайызы жеткілікті дәрежеде меңгерген.

Аймақтағы іс қағаздарының 93,3 пайызы мемлекеттік тілде рәсімделеді.

Осы мәселені талқылаған шығысқазақстандық депутаттар қалалық оқушыларды қазақ тілін үйренулері үшін жазғы каникул кезінде ауылдарға, яғни, тілдік ортаға жіберу қажеттігі жайында пікір білдірді.

– Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту жөнінде айтарым, көп сөзді қойып, бәрін де өзімізден бастауымыз керек. Яғни, біздер – мемлекеттік қызметшілер мен депутаттар басқа ұлт өкілдеріне үлгі болуға тиіспіз. Ал сіздердің оқушыларды ауылдарға жіберіп, қазақ тілін үйрету туралы ұсыныстарыңыз орынды. Ол жөнінде тиісті сала мамандарына тапсырма берілетін болады, – деп түйіндеді бұл мәселені облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ержан Әбішұлы
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: мемлекеттік тіл

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар