Белгілі шаңғышы Алексей Полторанинге үш бөлмелі пәтер кілті табыс етілді Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
Белгілі шаңғышы Алексей Полторанинге үш бөлмелі пәтер кілті табыс етілді Шығыс ҚазақстандаДаңқты балуан Дәулет Тұрлыханов пен Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағына ие болса, белгілі шаңғышы Алексей Полторанинге үш бөлмелі пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Тәуелсіздік мерекесіне орай Өскеменде өткен салтанатты шарада сонымен қатар елге еңбегі сіңген, өз саласының майталмандары атанған біршама тұлғаларға мемлекеттік наградалар мен құрмет грамоталары берілді.

Белгілі шаңғышы Алексей Полторанинге үш бөлмелі пәтер кілті табыс етілді Шығыс Қазақстанда– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс жүргізіп отырған саясатының арқасында елімізде тұрақтылық пен татулық, ынтымақ пен береке күннен-күнге нығая түсуде. Бұл өз кезегінде ел экономикасының тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына оң ықпалын тигізуде. Елбасының берген тапсырмалары біздің облыста өзінің шешімін тауып жатыр. Ағымдағы жылды біздің өңір экономикасының даму қарқыны 6 пайыздан төмендеген жоқ. Ең бастысы тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсара түсті. Оған дәлел ретінде аймағымызда көптеп салынып жатқан мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер, спорттық кешендер, тұрғын үйлерді, жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындарды және басқаларын айтуға болады. Өткен он бір айдың ішінде Өскеменде 700-ге жуық отбасы пәтер кілттеріне ие болса, жыл соңына дейін мұнда 270 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі. Осының бәрі өңір экономикасының дамып, Президент тапсырмасының жергілікті жерде тиянақты іске асырылып жатқанын көрсетеді, - деп атап өткен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барша шығысқазақстандықтарды мерекемен құттықтап, еңбегімен төрге озған тұлғаларға мемлекеттік наградалар табыс етті.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар: «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Айбын» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, «Құрмет» грамотасы ұзын саны елуден астам адамға берілді. Жұлдызы жанған адамдардың ішінде атап айтар болсақ, «Тарбағатай Мұнай» ЖШС басқармасының төрағасы Медғат Ұлжанов пен «Имсталькон» ЖШС-нің директоры Михаил Анашкин «Парасат» орденін кеудесіне тақса, «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Оңдасын Елубай, еңбек ардагері Атымтай Әбенов, жазушы Александр Егоров «Құрмет» орденімен марапатталды. Сол сияқты Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағы ұлтымыздың мақтанышы, Қазақстанның спорт және қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыхановқа, әйгілі жеңіл атлет, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға және басқаларға табысталды.

Сонымен қатар бұл мерекелік кеште 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайтын шаңғышы Алексей Полторанин бастаған спортшыларға құрмет көрсетіліп, алдағы жарыста сәттілік тіледі. Облыс басшысының атынан А.Полторанинге өзі тұратын Риддер қаласынан үш бөлмелі пәтердің кілті мен арнайы сертификат табыс етілді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz.

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар