Ең көлемді көрме Семейде ұйымдастырылды

(Дауыстар: 1)
Ең көлемді көрме Семейде ұйымдастырылдыНевзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында Семей суретшілерінің соңғы жылдардағы ең көлемді көрмесі ұйымдастырылды. 60 автордың 150-ге жуық кескіндеме және графика шығармалыры келушілердің назарына ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі мұражайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрменің негізгі ойы – шығармашылық еркіндік. Тақырыпты, стильді, техниканы таңдауда шектеулер қойылмағандықтан бұл жерден станокты кескіндеме, бірегей және баспа графика, графикалық дизайн, бейне-арт, инсталляция, арт-объектілер, көркем – азаматтық объектілерді табуға болады.
Бұл көрмеде реалистік портреттер мен пейзаждар, сюжеттік және абстракты композициялар, «фэнтэзи» тақырыбына ізденістерді көруге болады.

Көрмеде кәсіпқой суретшілермен бірге жастардың да - көркемсурет оқу орындарының түлектері мен студенттерінің туындылары қойылған. Көрмеде қойылған авторлардың өзіндік дүниені сезінуді беру тәсілдері алуан түрлі. Шығармашылық жастар қаланың көркемдік өміріне жаңа қарқынды идеялар қоса отыра, өздерінің шәкірттері мен замандастарын шабыттандырады деген үміттеміз.

«Суретші үшін көрменің қай-қайсысы болса да - бұл кездесу, қарым-қатынас қуанышы. Ең маңыздысы – өзінің сезімдері және ойларымен өнерді түсінетін, сүйетін адамдармен бөлісу мүмкіндігі екені даусыз», дейді көрменің кураторы Т.Стромская.


Мәлімет көзі:Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар