Жаңа медициналық орталыққа Бағдат Шаяхметовтың есімі берілді

(Дауыстар: 1)
Жаңа медициналық орталыққа Бағдат Шаяхметовтың есімі берілді

Заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа медициналық орталық ашылды Өскемен қаласындағы Жаңа Согра кентінде. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ бастамасымен және қаржысына салынған әлеуметтік нысан құрылысы бір жылдың ішінде пайдалануға берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Салтанатты жиынға ШҚ облысы әкімі Б.Сапарбаев, комбинат ұжымы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және басқа да қонақтар қатысты. Медициналық орталыққа комбинаттың бірінші президенті Бағдат Шаяхметовтың есімі беріді.

– Бүгінде комбинат әлемдегі түсті металлургия саласындағы көшбасшылар қатарында. Бағдат Шаяхметовтың бұған қосқан үлесі зор. Біз осыдан 3 жыл бұрын комбинаттың аумағын аралаған едік. Ол кісі сол кезде ескі ғимараттың жанына жаңа медициналық орталық салу керектігін айтқан еді. Емхананың ең алдымен комбинат жұмысшылары және кент тұрғындары үшін қажеттігін де айтқан болатын. Міне, сол мақсат бүгін орындалды, комбинат қажетті қаржыны бөліп, ойдағы іс жүзеге асты, – деді облыс әкімі нысанның ашылу салтанатында.

Жаңа медициналық орталық өз жұмысына толығымен алдағы жылдың бірінші тоқсанында кіріспекші. Мұнда қазір мамандар қабылдау, жаңа жабдықтарды игеру, оған машықтану жұмыстары жүріп жатыр екен.

Орталықтың бас дәрігері Қайрат Биделмановтың айтуынша, қазір мұндағы ішкі жабдықтау жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Жоспарланған тағы да бірнеше медициналық құрылғылар қаңтар айында әкелінбекші екен. Бұл жерде тек Жаңа Согра кентінің тұрғындары ғана емес, маңайдағы Винное, Бобровка сияқты ауылдардың тұрғындары да емделетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар