Тәуелсіздіктің 22 жылдығын мерейлі қарсы алдық

(Дауыстар: 1)
Тәуелсіздіктің 22 жылдығын мерейлі қарсы алдық

Құрметті шығысқазақстандықтар!
Біздер 16 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 22 жылдығын тойладық.
Мемлекет басшысының арқасында қол жеткен табыстарымыздың негізінде еліміздің алдағы жылдарғы дамуының кең көлемді міндеттері айқындалды.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыттары» атты Жолдауында олардың барлығы да нақты айқындалған. Ұлт Көшбасшысы осынау құжатында: «Мен Қазақстан-2050 жылдары нағыз жалпыхалықтық еңбек қоғамына қол жеткізетініне сенімдімін. Бұл – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикалық жағынан қуатты, озық білім, мықты денсаулық, бейбіт те жайлы өмір, барлық азаматтар еркін және тең, ал билік адал қызмет ететін мемлекет деген сөз» деп атап көрсеткен болатын.

Реформаларды жүзеге асыруға Қазақстанның өнеркәсіпті аймақтары – Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының қосар үлесі ерекше. Мен биыл Өскеменде өткен форумда жасалған келісім біздің облыстардың әлеуметтік-экономикалық жағынан дами түсуіне және ондағы халықтың тұрмысының жақсаруына жол ашатынына сенімдімін.

Алдағы уақытта да біздің әрбір нық қадамымыз еліміздің жан-жақты дамуы жолындағы реформаның игілікпен жүзеге асуына негіз болсын.

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақытты өмір және ортақ Отанымыздың гүлдене беруі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Бауыржан ӘБДІШЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар