Ауызсумен қамту проблемалары шаш етектен Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
  • 19 желтоқсан 2013, 16:32 |
  • Пікірлер: 1
Ауызсумен қамту проблемалары шаш етектен Шығыс Қазақстанда

Шығыс Қазақстанда «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша барлығы 18 ауылда су құбыры тартылды. Алайда бүгінге дейін 14 нысан әлі іске қосылмай келеді. Бұл жайында «Ауызсу» және «Ақбұлақ» бағдарламаларының іске асырылу барысы талқыланған жиында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Текешов баяндады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айталық, Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылында құрылысы басталған жоба тығырыққа тірелген. Сөйтсек, су ұңғымасын қазу кезінде бұрғы жалпақ тасқа тап болып, жұмыс қиындай түсіпті. Бұл ретте жобалық ұйымның кінәлі екені айдан анық.

«Ауызсу» бағдарламасын орындау барысында қаржыны тиімсіз жұмсау және құрылыс жұмыстарын кестеден кешіктіру сынды фактілер орын алған. Ағымдағы жылы облыс аумағында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 7 нысанды салу жоспарланған, келер жылы тағы бір объектінің құрылысы жүргізілмек.

Ауызсумен қамту проблемалары шаш етектен Шығыс Қазақстанда

Жалпы, осы ауызсумен қамту саласында проблема шаш етектен. Тіпті, құрылысы аяқталған кейбір нысандардың өзі пайдалануға берілмей, қаңырап тұр. Қаржының тиімсіз жұмсалуына Жарма ауданындағы Бірлік ауылында жүргізілген жұмысты мысалға келтіруге болады. Тұрғындарының саны 600-ден сәл асатын шағын елді мекенде 12 шақырымдық құбыр тартылыпты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы орайда «Егер ауылдың тұрғылықты халқы аз болса, келешегі күмәнді болса, 10-15 километрлік құбыр тартудың қажеті қанша?» деп сауал тастады сала жетекшілеріне.

Үкіметте осы бағдарлама аясында қолға алынған әрбір жоба жіті сараптамадан өтуде. Тағы бір талап – жұмыстарды жүргізу барысында қолданылатын материалдардың дені өз елімізде шығарылған болуы шарт. Пластик құбырларды кейбір мердігерлер шеттен тасуды әдетке айналдырған. Сапасы солардікінен еш кем емес сол өнім еліміздегі бірнеше өңірде, облыстың Өскемен, Семей қалалары мен Ұлан ауданында да өндіріледі.

Алдағы уақытта өңіріміздегі жүзден астам ауылда геологиялық барлау жұмыстары жүрмек. Биыл 87 елді мекенде осы бағыттағы шаралар басталып та кеткен. Жалпы, облыстағы жерасты су қоры жеткілікті дейді мамандар.

Ауызсумен қамту проблемалары шаш етектен Шығыс Қазақстанда

Еліміз бойынша халықтың таза сумен қамтылу деңгейі 72 пайызды құраса, біздің облыстағы бұл көрсеткіш – 82 пайыз. Дей тұрғанмен, табиғи әлеуетімізді ескере келсек, бұл нәтижеге тоқмейілсуге болмайтыны түсінікті. Жиында аудандардың геологиялық жұмыстарға қаржы бөлуге құлықсыздық танытып келетіні де сөз болды. Бұл іске қаржыны тек Үкіметтен ғана күтпей, жергілікті жерлер де шама-шарқынша көңіл бөлуі тиіс.

Облыста ауызсумен қамтылу деңгейі ең төмен өңірлер қатарына Көкпекті, Бесқарағай, Ұлан, Күршім, Бородулиха және Тарбағатай аудандары енеді. Қазір облыстық әкімдік әрбір аталмыш бағдарлама аясында қолға алынған жоба бойынша нақты сараптама жүргізуді міндеттеп отыр. Ол жұмыс келер жылдың 15 қаңтарына дейін аяқталып бітуі керек. Соның қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қолданылатын болады.

– Жобалық-сметалық құжаттардың сапасын қашан арттырып, мемлекеттік сараптама жұмыстарын қашан бір ретке келтіреміз? Айталық, Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылында орын алған жағдайға ең алдымен жобалық құжаттамаларды жасаған мамандар кінәлі. Олар заңға сәйкес жазаларын алуы тиіс. Геологиялық барлау жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейді. Тарбағатай, Аягөз аудандарында ауызсумен қамту жобаларына 160 миллионнан астам қаржы бөлінген. Алайда, судың сапасы нашар болып шыққан. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесі қайда қарады? Жобалық құжатқа қол қойғандар жазалануы керек, – деген облыс әкімі тиісті сала жетекшілеріне нақ-ты тапсырмалар жүктеді.

Мәжілісте белгілі болғандай, Ұлан ауданындағы Новоазово, Шымқора, Шемонайха ауданындағы Первомайка, Бородулиха ауданындағы Белағаш, Глубокое ауданындағы Белоусовка елді мекендеріндегі сумен қамту бойынша жобалар созылып кеткен екен. Ал Риддер қаласындағы су тартқы құрылысының жүргізіліп жатқанына он жыл болыпты.

– Барлық бағдарлама аясында жоспарланған нысандар толық бітуі тиіс. Ал 2007 жылдан бері созылып келетін проблемалық объектілер бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жұмыс істеу керек. Құрылыс барысында қазақстандық үлестің сақталуын да қаперде ұстаған жөн, – деді аймақ басшысы.

Ержан Әбішұлы
суреттерді түсірген Антонина Гаврилова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Бақтыбайұлы Дарын | 2 мамыр 2014 14:41
Бұл мәселені шешу үшін сол жұмысты орындайтын адамдарға қатаң түрде бақылау қажет.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар