Семей қаласы үздік жастарының есімдері аталды

(Дауыстар: 1)
Семей қаласы үздік жастарының есімдері аталды

Кеше Семей қаласының үздік жастарының есімдері аталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.

Семей қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы Семей қаласының аумағында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында дәстүрлі түрде беріліп келеді.

Қатарының алды болған жас өрендерге жастар мен жастар ұйымдарының форумында сый-сияпат көрсетілді. Жалындаған жастардың форумын Семей қалалық әкімдігінің қолдауымен Жастар және балалар ұйымының Шығыс Қазақстан облыстық Ассоциациясы, ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша Жастар орталығы өткізіп отыр.

Қалиев Азамат Тұрсынқанұлы «Жылдың жас мемлекеттік қызметшісі» атанды.

«Жылдың жас көшбасшысы» марапатын «Пікір сайыс клубтарының бірлестігі» Қоғамдық қорының атқарушы директоры – Жалғас Оралбаев иеленді.

"Жылдың студент көшбасшысы"- Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 5 – ші курс студенті, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі Олжас Шарипбековке берілді.

«Жылдың жастар ұйымы» номинациясына «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігі лайық деп танылды.

«Жылдың жас отбасы» номинациясына Шойықбаевтар әулеті ие болды.

«Жас кәсіпқой» номинациясын Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің технология факультеті деканының орынбасары – Тоқтаров Жайық Хамитұлына бұйырды.

«Жылдың үздік еріктісі» 6-шы Астаналық экономикалық форумның қатысушысы Берикбаева Арайлым Ержанқызы екені бірауыздан қолданды.

«ТВК-6» жаңалықтар қызметінің бас редакторы, «Атқан таңға – ақ тілек», «Айтарым бар», «Заң – заман зердесі», «Шарайна» бағдарламасының жүргізушісі - Киржибаев Даулет Дулатұлы «Жылдың жас журналисі» атанды.

Кештің көрігін жеңімпаздардың құрметіне қойылғаен жергілікті шығармашылық ұжымдардың сазды бағдарламасы қыздыра түсті.

сурет Семей қалалық ішкі саясат бөлімінен алынды
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар