Фотоэлектрлі пластиналар шығаратын зауыт іске қосылды Өскеменде

(Дауыстар: 1)
Фотоэлектрлі пластиналар шығаратын зауыт іске қосылды ӨскемендеИндустрияландыру күні ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде фотоэлектрлі пластиналар шығару зауытын іске қосты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Қазақстан Солар Силикон» зауыты – «Қазатом-өнеркәсіп» ұлттық компаниясы құрамындағы инно-вациялық, жоғары технологиялық кәсіпорын. Кешен әлемнің ең озық технологиясымен жабдықталған. Бұл жерде күн батареяларына қажетті күн сәулесін энергияға айналдыратын фотоэлектрлі ұяшықтар жасалады. Кәсіпорынның қуаты 60 мегаваттан кем емес. Бұл бір жылда бір жылу электр станциясын салғанмен бірдей. Зауыт іске қосылғанда 440 жаңа жұмыс орны ашылады. Аталған өндіріске 23 миллиард теңге инвестиция салынды.

– Құрметті Президент мырза! Осы жылдың маусым айында Сіз біздің салынып жатқан зауытта болған едіңіз. Сол кездесуде Сіз құрылыс жұмыстарын жылдың соңына дейін бітіру жөнінде тапсырма берген болатынсыз. Бүгін біз Сізге және бүкіл қазақстандықтарға «Қазатомпром» компаниясы отандық күн батареялары өндірісінің циклін әзірлеп шыққанын қуана хабарлаймыз. «Қазақстанда шығарылған» деген жазуы бар күн батареялары толықтай дерлік елімізде ғана өндірілмек, яғни, кремний шикізатын игеруден бастап, дайын тауар жасауға дейінгі процестердің бәрі өзімізде іске асырылады. Біз жаңа өнім шығаруға да-йынбыз. Жаңа өндірістің тұсауын кесуге рұқсат беруіңізді сұраймыз! – деді телекөпір арқылы елордамен тікелей байланысқа шыққан «Қазақстан Солар Силикон» ЖШС-нің бас директоры Василий Ли.

Президент бұл зауыттың еліміз үшін түбегейлі жаңа инновациялық кәсіпорын екенін атап өтті.
– Бұл расында да, инновациялық және жоғары технологиялық жоба. Жыл сайын аталмыш зауытта бүкіл бір электр станция өндіретін қуат беруге қауқарлы өнім шығарылатын болады. Мен бұл кәсіпорынның жұмысын, оның даму қарқынын ерекше бақылауда ұстап отырмын. Осы жоба өзімізде өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің айрықша тауарлық бренді болады деген ойдамын. Мен осы қуанышпен сіздерді құттықтаймын! – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл заманауи зауыт нарыққа әлемдік бәсекеге қабілетті дайын өнім шығарады.
«Жасыл экономика» бағдарламасы аясындағы жобаны жүзеге асырып жатқан аталмыш зауыттың құрылысы өткен жылдың көктемінде басталған-ды. Қазір мұнда Еуропа елдерінен жеткізілген ең озық үлгідегі күрделі қондырғылар орнатылған. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, француздың «ЕСМ» және «SEMCO» фирмалары шығарған негізгі технологиялық құрылғылар алғашқы сынақтан сәтті өткен.
Аталмыш зауытта еліміз үшін мүлдем жаңа өнім, яғни, күн батареяларының басты бөлшектері – фотоэлектрлі пластиналар шығарылады. Өндіріс Францияның дайын технологиясын тұтас көшіруге негізделген. Басты шикізат – Алматы облысының аумағынан қазылып алынатын таза кремний. Мұндай саф кремний әлемде екі-ақ жерде кездеседі, Аустралияда және Қазақстанда. Пластиналар осы жерден Астанадағы зауытқа жөнелтіледі, күн батареялары елордамызда құрастырылады.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар