Ұлттық цифрлық хабар тарату жүйесі Өскеменде де іске қосылды

(Дауыстар: 1)
Ұлттық цифрлық хабар тарату жүйесі Өскеменде де  іске қосылды

Ұлттық цифрлық хабар тарату жүйесі еліміздің барлық облыс орталықтарымен бірге Өскемен қаласында да ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев Қасым Қайсенов кентінің аумағындағы телемұнара қызметкерлерімен кездесіп, цифрлық хабар тарату жүйесінің артықшылықтарына қанықты.

Ұлттық цифрлық хабар тарату жүйесі Өскеменде де  іске қосылды

Индустрияландыру күніне орай бүкіл қазақ даласын қамтыған бұл маңызды шараны елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде бастап берді. 2010 жылдан бері енгізіле бастаған цифрлық хабар тарату жүйе-сі бүгінде әрбір екінші қазақстандықты қамтып отыр деуге болады. Бұл күні Маңғыстау облысы серпінді жоба аясында цифрлық теледидармен 100 пайыз қамтылған. Ал өзімізге келер болсақ, жаңа эфир жүйесі Өскемен қаласымен қоса облыс орталығынан 50 шақырым қашықтықта жатқан 41 елді мекенге таратылды. Бұл – аймағымызда 119 мың отбасы «Отау ТВ» жүйесіндегі 23 отандық телеарнаны ақысыз көре алады деген сөз. Ол үшін тұрғындарға үйіндегі көк жәшігін цифрлық қабылдауышқа қосса болғаны. Бүгінде мұндай цифрлық қабылдауыштарды тұрмыстық электроника дүкендерінен 13 мың теңге көлеміндегі бағаға сатып алуға болады. Ал егер теледидарыңыз DVB-Т2 форматын қолдайтын болса, яғни, 2012 жылы шыққан LG, Samsung маркалы болса, арнайы САМ-модуль алу қажет. Бұл модульдердің бағасы – 8-8,5 мың теңге шамасында. Тараған сигналды тартуға қарапайым сыртқы антенналар да қауқарлы.

Ұлттық цифрлық хабар тарату жүйесі Өскеменде де  іске қосылды

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамының облыстағы филиалы технологиялық қондырғыларды жинақтау, цифрлық таралымдарды реттеу, таратылым сапасына мониторинг жүргізу жұмыстарын ұйымдастырып, соңғы бір айда қанатқақты тестілеуден өткізген. Осы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берген облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев цифрлық форматтағы таратылымға көшу заман талабы екенін атап көрсетті.

– Жаңа жүйенің арқасында отандық телеарналардың көрермен саны артып, ақпаратқа қол жеткізушілердің мөлшері көбейеді. Келер жылы цифрлық хабар тарату жүйесі Семейді қамтиды. Бұл тұрғыда біздің облыс республика бойынша әрқашан көшбасшылар қатарынан көріне білген. Осы жолы да солай болып отыр. Бүгінгі жаңалықтың тағы бір жағымды тұсы – қосымша жұмыс орындарының ашылатынында. «Қазтелерадионың» біздегі филиалы өз қызметкерлерінің санын 100-ге жеткізуді жоспарлап отыр, – деді ол.

«Қазтелерадио» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Бақыт Қалиевтың айтуынша, өңірді цифрлық теледидармен қамтудың келесі кезеңі 2014 жылы басталмақ. Аталмыш кезеңде басымдық әуелі шекаралық аудандарға берілетін болады.

– Цифрлық жүйенің сапасымен қатар тиімділіктері де жетерлік. Бұған дейін негізгі деген бірнеше арнадан басқа хабар көздерін халық кабельдік және спутниктік жолмен көріп келді. Кабельдік көздерге ай сайын ақша төленсе, мұнда бір-ақ рет цифрлық қабылдауышты сатып аласыз. Одан кейін отандық 30 арнаны тегін тамашалай бересіз. Цифрлық теледидардың арқасында спутниктік жолмен таратылатын теріс пиғылды идеологияға да тосқауыл қойылатын болады. Ұлттық цифрлық теле-дидарға қосылу жолдары мен оған қажет құрылғыларды сататын орындар жайындағы ақпараттарды www.otautv.kz сайтынан білуге болады, – дейді Бақыт Қалиев.
Есімжан Нақтыбайұлы
суреттерді түсірген: Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі:Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар