«Парыз-2013» конкурсының «Гран-при» лауреаты болып Өскемен титан-магний комбинаты танылды

(Дауыстар: 1)
 «Парыз-2013» конкурсының «Гран-при» лауреаты болып Өскемен титан-магний комбинаты танылды «Парыз-2013» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсының «Гран-при» жүлдесін «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамы иеленді. Басты жүлде - Кубокты Қазақстан Предиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тапсырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жыл сайынғы «Парыз» конкурсын 2008 жылғы қаңтарда Жезқазған қаласында өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет құрды. Мақсаты – бизнестің жауапкершілік қағидасын, кәсіпкерлердің неғұрлым өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысу.

Шығыс Қазақстанның алпауыт кәсіпорындарының бірі саналатын комбинат облыс әкімімен жасалған өзара ынт-мақтастық пен жекеменшік-мемлекеттік серіктестік туралы меморандум шеңберінде Өскемен қаласындағы Жаңа Согра кентінде медициналық орталықты іске қосты.

Бүгінгі таңда медициналық орталықтың құрылысы аяқталып, медициналық жабдықтарды сатып алу және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 1 016,9 миллион теңге. Нысанды қолданысқа беру келер жылдың алғашқы тоқсанына жоспарланып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында «Парыз» сыйлығының қола жүлдегері болып Жарма ауданының «Жарма Құрылыс Газ» серіктестігі танылды.
Кәсіпорын жыл сайын ауданның тұрмысы төмен отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі балаларына, ардагерлерге, сондай-ақ, білім, спорт ұйымдарына демеушілік көмек көрсетеді. Өз қаражаты есебінен қызметкерлері, оның ішінде жас мамандар үшін тұрғын үй құрылысымен айналысады.
Осы жылы іске асырылған қайырымдылық көмектің жалпы құны 28 миллион теңгеден асып, тұрғын үй құрылысына 22 миллион теңге жұмсалды.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі:Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар