Президенттің шырша тойы Өскеменде балғындарды жинады

(Дауыстар: 1)
Президенттің шырша тойы Өскеменде балғындарды жинады

Президенттің бүкіл еліміз бойынша бір мезетте өткен шырша тойы Өскемендегі Жекпе-жек сарайында болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев қатысты.
Жылқы жылы келе жатыр. Бір мүшел жас бұрын ортамыздан кеткен жануар бізді сағынып қалғандай! Бүкіл дала мен қаланы сән-салтанатқа бөлеп, дүбірлетіп шауып келеді. Тұлпардың тұяқ дүбірі жақыннан естілген сайын жаңалыққа жаны құмар әр пенденің жүрегі қуаныштан жарылардай. Әсіресе, қара жерді ақ көрпе қымтаған сәттен бастап, Аяз ата мен Ақшақарды асыға күтетін балалардың қуанышында шек жоқ.

Президенттің шырша тойы Өскеменде балғындарды жинады

Иә, періште көңіл сәбилерді армандары алдамапты. Облыстың түкпір-түкпірінен келген 200 бала Елбасының өздеріне арнаған бейнежазбадағы құттықтауларын естіп, төбе-лері көкке екі-ақ елі жетпей тұрды.

– Құрметті балалар, бүгін байтақ еліміздің барлық өңірінде өнегелі балалар жаңажыл-дық шыршаның айналасында жүр, сендерді, барша қазақстандық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Біздің ұлы Отанымыз жылдан-жылға өркендей түсуде, қазір дүние жүзі қазақ елін құрметтейді. Сендер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар, бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істеріміздің барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалуда, барлық өңірлерде жаңа мектептер салынуда. «Өнерлі өрге жүзеді» деген дана халқымыз. Өнер-білімнің кені, өркенді елдің теңі болып, айналасына қарап өніп, шырайын бермейтін осы шыршадай жайнап, өсе беріңдер! Болашақтарың баянды болсын! – деп Нұрсұлтан Назарбаев жеткіншектерге ақ батасын берді.

Президенттің шырша тойы Өскеменде балғындарды жинады

Аталған мерекеге 9-13 жас аралығындағы оқу озаттары, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты. Жалпы, бұл балалар облыс орталығында 18 желтоқсаннан бері қонақта жүр. Бекер жүрген жоқ, Өскеменнің ең әдемі жерлерін тамашалап, мәдениет ошақтарынан рухани ләззат алып жүр. Айталық, олар Жамбыл атындағы драма театрынан жаңажылдық ертегіні тамашаласа, «Юбилейный» кинотеатрынан мультфильм көріп мәз болысты. Онымен қоса, жаңа достар тауып, спорттық жарыстарда бақтарын сынап, көңіл көтерді, өмірлерінің осындай мәнді де маңызды сәттерінен естелік қалдыру үшін суретке түсті. Ал олардың облыс орталығындағы төрт мұражайды аралаған кездегі таңданыстары мен қызығушылықтары өз алдына бөлек әңгіме.

Президент шыршасына қатысқан барлық бала базарлыққа ноутбук, энциклопедиялық кітаптар және кәмпитке толы дорбалар алды.

Сондай-ақ, облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының ұйтқы болуымен ерекше шырша тойы өтіп, оған облыс Әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Бұл көңілді кештегі Аяз атаның дорба-дорба сыйлықтарына мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасының балалары қарық болды.

Аталмыш шырша тойына жетімін жылатпаған жетелі елдің 150 жеткіншегі қатысқан. Тағдыры талайлы өрімдей балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін «Қазцинк», «Тарбағатай-Мұнай», «KDV Қазақстан», «КСЕДА» ЖШС-лері сынды алпауыт мекемелер құны 700 мың теңгеден астам тұратын сыйлықтарды тарту
етті.

– Өздеріңіз байқап жүрген боларсыздар, қазір біздің өңіріміздің барлық жерінде Жаңа жылға дайындық жұмыс-тары басталып кетті. Мұның бәрі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынып жатыр. Қашанда өздеріңе сеніңдер, ал біз сендерге сенеміз. Жаңа жылдарың қуанышты жыл болсын! – деді шырша тойында сөз сөйлеген Нұрымбет Сақтағанов.

Екі күнгі шыршаға жиналған балаларды Жамбыл атындағы театрдың әртістері қойған «Бейбіт батыр» мен «Астана ару» елітті. Ол әртістер де кішкентай қонақтармен бірге билеп, бірге ән салды. Ал бүлдіршін өнерпаздар құрбыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, патриоттық әндер айтып, балалықтың базарында шалқыды.

Мұратхан Кенжеханұлы
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі:Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар