Алексей Полторанин екі мәрте күміс медальды иеленді

(Дауыстар: 1)
Алексей Полторанин екі мәрте күміс медальды иеленді


Италияның Асиаго қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем кубогының төртінші кезеңінде классикалық стильде жекелей спринтте Алексей Полторанин екінші орынды иеленді. Ал командалық спринттік жарыста Алексей Полторанин мен Николай Чеботко екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Бұл жарыстар әлем спортшылары үшін Сочи Олимпиадасының алдындағы дайындық десе де болады. Біздің еліміздің шаңғышылары да дүбірлі жарыстарда жақсы нәтижеге жетіп жүр. Ресейлік Никита Крюков классикалық стильде жекелей спринтте жеңіске жетті. Екінші орынды 0,14 секунд қана айырмашылықпен қазақстандық Алексей Полторанин иеленді. Үшінші орынға швейцарлық Джанлука Колонья шықты.

Сондай-ақ, әлем кубогының төртінші кезеңіндегі командалық спринттік жарыста Алексей Полторанин мен Николай Чеботко екінші орынға ие болды. Норвегиялық шаңғышылар Элдар Реннинг пен Ола Виген Хаттестад мәреге 24:47.4 секундтық нәтижемен жетті. Қазақстандық шаңғышылар да жеңімпаздармен бірге осындай уақытта көмбе сызығынан өтті. Командалық жарыста үшінші орынды солардан 2.1 секундқа кешіккен Норвегияның екінші командасындағы Остейн Петтерсен мен Эйрик Брандсдал еншіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар