Қайырымдылық шырша мерекесін сыйлады тарбағатайлық меценаттар

(Дауыстар: 1)
Қайырымдылық шырша мерекесін сыйлады тарбағатайлық меценаттар

Тарбағатайлық атымтай жомарт азаматтар аудан көлеміндегі жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнап, қайырымдылық шырша мерекесін өткізді. Меценаттар шақырылған балалардың барлығына әдемі тондар мен ұялы телефондар сыйлады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық мәдениет үйінде өткен балалардың шырша мерекесіне ауданның 17 ауылдық округінен 65 бала шақырылды. Ауданның белгілі меценаттары «Сырдария» сауда үйінің иелері – Анар, Құлмұхамбет Қожахметовтер аталған шараны жыл сайын өткізіп, ата-аналар мен жетім балалардың алғысына бөленіп келеді. Кәсіпкерлер биыл да балаларға қомақты сыйлықтар ұсынып, шақырылған балалардың барлығына әдемі тондар мен ұялы телефондар сыйлады. Ал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ертегілер әлемінен көріністер көрсетіп, ән мен күйге бөледі.

Сондай-ақ, аудан орталығындағы өздігімен жүре алмайтын 14 балаға аталған сыйлықтар үйлеріне жеткізіліп берілді. Қазіргі уақытта мұндай игі шаралар аудан бойынша барлық ауылдық округтарда ұйымдастырылуда.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар