Мамай батыр туралы кітап жазуды қолға алды семейлік шежіреші

(Дауыстар: 1)
Мамай батыр туралы кітап жазуды қолға алды семейлік шежіреші

Семейлік шежіреші Мамай батыр туралы кітап жазуды қолға алды. Этнограф, қаламгер Молдабек Жанболатов бұл ойын Семейде Мамай батырға ескерткіш орнату, жалпы осы тарихи тұлға жайында деректер жинау мәселесін талқылаған алқалы жиында ортаға салды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Белгілі тарихшылар мен ғалымдардың қатысуымен, «Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда Молдабек Жанболатов жиналғандардан қолдарында бар деректермен бөлісулерін өтінді.

– Бабаларымыз ұлан-байтақ қазақ жерін ұрпаққа мұра етіп қалдырды десек, бұл ретте Мамай батырдың әрі батыр, әрі би болғандығын ұмытпайық. Батыр туралы деректер жинақталып, бір жүйеге түспеген. Тарихымыздың ізін тауып, бір жүйеге келтіруіміз керек. Бүгінгі жиын – осы мақсатқа жетер жолдың алғашқы баспалдағы. Жақында Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қожаберген жыраудың 350 жылдығы аталып өтті. Осы жиын менің көңілімнен шықты. Мамай батыр туралы кітап шығаруды қолға алдым. Сіздерден қолдарыңызда дерек бар болса, жазып әкеліп берулеріңізді сұраймын, - деді шежіреші.

Жазушы Медеу Сәрсеке Мамай батырдың заманында Қожаберген батырдан бата алғанын еске салып, атақты Батырға ескерткіш орнату мәселесін қозғады.

– Ескерткіш орнату үшін мүсіншілердің байқауын өткізген дұрыс. Олар батырдың бірнеше эскизін жасап әкеліп, халықтың пікірін білу үшін таныстырсын. Қаламызда бұған дейін қойылған ескерткіштерде кеткен кемшіліктер қайталанбасын деген тілек айтамын. Тағы бір ескеретін жай, Мамай батыр тобықтының туын Тоқтамыс батырға береді. Мұнда да үлкен мән бар сияқты, – деді жазушы Медеу Сәрсеке.

Раушан Нұғманбекова
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар