ТМД елдерінде баламасы жоқ астық тазалау кешені Глубокоеда іске қосылды

(Дауыстар: 1)
ТМД елдерінде баламасы жоқ астық тазалау кешені Глубокоеда іске қосылды

Глубокое ауданында ТМД елдерінде баламасы жоқ астық тазалау жүйесі кешені іске қосылды. «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында салынған кешен сағатына 15 тонна астықты тазалауға қауқарлы , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селихановтың айтуынша, Солнечный ауылындағы «Астана-Бизнес» ЖШС-де элиталық тұқым шаруашылығының базасы қалыптасқандықтан аталған кешен бүкіл ел аумағын элиталық тұқыммен қамтамасыз ете алады. Кәсіпорынның ашылуына қатысқан ШҚО басшысы Бердібек Сапарбаев өңірдегі сатып алу қабілеті бар шаруа қожалықтарын жұмылдыру арқылы «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС өнімін өткізуге қолдау көрсету керектігін атап өтті.

Биыл аталған кәсіпорын гектарына – 27 центнер астық, 24 центнер күнбағыс өнімін жинаған екен. Ал облыс көлемінде бұл көрсеткіш астық бойынша – 18, күнбағыс бойынша – 10 центнерге тең.

– Шаруалардың негізгі жұмысы –астықтың өнімін арттыру, сапасын жақсарту. Мұның барлығы тұқымға байланысты екенін әрдайым айтып келеміз. «Астана-Бизнес» ЖШС басшысы Фарид Абитаевтың бүгін іске қосқан тұқым тазалау кешені қазіргі талаптарға сай. Бұл кешен біздің
еккен егініміздің, алған өніміміздің сапасын жақсартуға үлкен септігін тигізеді, – деді облыс басшысы.

Фарид Абитаев кешеннің ерекшелігі – ТМД аумағында ең жоғары сатыдағы тазалау мүмкіндігіне ие екендігін атап өтіп, келесі жылы Краснодар қаласында осы кешеннің баламасы іске қосылатынын, ресейліктердің өзі бізден бір жылға қалып отырғанын жеткізді.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі алдыңғы қатарлы үздік технологияны енгізу мәселесін алға қойды. Осы орайда жоғары сатыда-ғы тазалау желісінің технологиясын сатып алдық. Мәселен, біздің алдымыздағы фотосеператор – жапондық өнім, құны 70 мың еуро тұрады. Дәнді түсіне қарап тазалау қабілетіне ие. Мұндай технологиялар елімізде енді ғана айналымға еніп келеді. Астықты, ұсақ дәндерді, күнбағыс және зәйтүн өнімдерін тазалайды. Біз бүгінде Германияның «Рапуль», Белоруссияның аграрлық ғылыми-зерттеу институтымен әріптестік байланысқа қол жеткіздік. Алдағы уақытта егіннің жоғары түсімін қамтамасыз ететін технологияны меңгеруді жоспарлап отырмыз, – деді «Астана-Бизнес» ЖШС жетекшісі.

суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар