Жаңа спортзал пайдалануға берілді ауылдық мектепте

(Дауыстар: 1)
Жаңа спортзал пайдалануға берілді ауылдық мектепте

Глубокое ауданындағы Жоғары Березовка ауылының орта мектебінде жаңадан салынған спортзал пайдалануға берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биыл ашылғанына жарты ғасыр толып отырған мектеп үшін, бұл – құнды мерейтойлық тарту. Мектеп ұжымы жаңа ғимарат құрылысын мердігерлердің ойдағыдай салып бергені үшін алғыстарын білдірді. Спортзалдың киіну, жуыну-шайыну бөлмелері бар. Сондай-ақ, облыс әкімі тарту еткен тренажер құрылғысы орналасқан жаттығу залына кезекке тұрған оқушылар саны да көп. Мектеп шеберханасында оқушылар қолынан шыққан ара ұясына арналған жәшіктер мен басқа да тұрмыстық қажетті дүниелер көрмеге қойылған. Білім ордасының биоорталығында оқу-шылар аквариумдердегі балық, су тасбақасы мен теңіз шөптерін, сонымен бірге, Семей қаласының хайуанаттар бағы сыйға тартқан басқа да жануарлар әлемінің тыныс-тіршілігін бақылай алады. Мектеп жылыжа-йында өсірілген гүлдер мешіт пен шіркеуге сыйға тартылған екен.

Сыныптарды аралау барысында облыс басшысы жарты ғасыр ішінде мектептен қанша түлек түлеп ұшқаны туралы сұрады. Мектеп мүдірі Виктория Бородинаның күмілжігеніне көңілі толмаған облыс әкімі бұл «Tulek.kz» бағдарламасының ойдағыдай жүргізіліп отырмағанының көрсеткіші екенін, мектеп түлектеріне сараптама жасалып, олардың қандай қызметпен айналысатынын анықтап, туған ауылы мен өлкесін көркейтуге шақыру керектігін жеткізді. Сонымен бірге, туристік әлеуеті жоғары Ақбауырға оқушылардың саяхатын ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

Жаңа спортзал пайдалануға берілді ауылдық мектепте

Облыс басшысы оқушыларға сабақ үлгерімін төмендетпеу, барлық салада озық болу керектігін, бос уақытты тиімді пайдаланып, өзін-өзі еңбексүйгіштікке тәрбиелеген оқушының келешегі жарқын болатынын айтты.

– Бүгінде жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы бүкіл әлем біледі, құрметтейді. Ольганың құрметіне Өскеменнен Жеңіл атлетика манежінің құрылысын салып жатырмыз. Егер спортта, басқа да салада үздік нәтижеге қол жеткізсеңіздер, сіздердің араларыңыздан да
талай талантты азаматтар шығатынына сенемін, – деді облыс әкімі.

Думан Анаш
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар