Су ресурстарын басқару бағдарламасы қабылданады

(Дауыстар: 1)
Су ресурстарын басқару бағдарламасы қабылданады

Үкімет мәжілісінде талданған Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ұсыныстары енгізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті селекторлық мәжілісінде
Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мемлекеттік бағдарламаның жобасымен таныстырған болатын.

Мәжілісте өңір басшылары тарапынан бағдарламаға қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Ал ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудың кешенді жоспарына қатысты айтқан ұсыныстарын Премьер-Министрдің өзі қолдады.

– Елімізге тиесілі су қорының 60 пайызы біздің өңірде шоғырланған. Бұл бағдарламаны стратегиялық маңызға ие құжат деп санаймыз. Бағдарламаны іске асырудың кешенді жоспарын әзірлеу кезінде гидро-қондырғылардың материалдық-техникалық базасын нығайту, суармалы жерлерді толықтай игеру шаралары қамтылса екен. Тек біздің аймақта ғана 200 мың гектардан астам суармалы жер бар. Соның тек 40 пайызын ғана қолданып келеміз. Ал шағын СЭС-тер салуға инвестиция дайын тұр. Бұл жерде де жоғарыдан қолдау қажет. Ертіс өзенінің тағдырына байланысты Ресей, Қытай, Қазақстан арасында үшжақты келісімді нақтылау қажет. Ал Шүлбі СЭС-іне контр-реттегіш орнату жобасы тым ұзаққа созылып кетті. Кешенді жоспарда осы мәселелер ескерілсе деген тілек бар, – деді Бердібек Сапарбаев.

Үкімет басшысы бұл ұсыныстардың орындылығын атап, кешенді жоспарды дайындау барысында әрбір өңір берген ұсыныстар бойынша қайтара талдау жасалып, нақтылану қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, ол облыс әкімдеріне мереке қарсаңында бағаны тұрақты ұстау, өмірлік маңызы зор қызметтердің жұмысын бақылау, жылыту маусымын қадағалау бойынша қадау-қадау тапсырмалар берді.

Мәжілістен кейін жергілікті сала басшыларымен жиын өткізген облыс басшысы «Шығыс су шаруашылығы», «Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығының бассейндік инспекциясы» мекемелерінің жұмысына сын айтты.

– Аталмыш мекемелер облысқа қажет ұсыныстарды аяғына дейін жеткізбеген. Біздің тарапымыздан жолданған хаттардың нәтижесі қалай болғанына назар салмаған. Соның салдарынан Үлкен Ласты жобасынан басқа жөні түзу ұсыныс енбеген. Бұрын жыл сайын бұл салаға республикадан ондаған миллиард теңге қаржы құйылып келсе, биыл тек екі млрд. теңге ғана бөлінбек, – деген аймақ басшысы енді бағдарламаны іске асырудың кешенді жоспарын әзірлеу ісіне белсене араласып, енбей қалған маңызды жобаларды стратегиялық құжатқа кіргізуді қатаң тапсырды.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар